Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова страница 12
Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу (ҚК 183 б) сәйкес мүлікті алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату.
Меншікке қарсы басқа қылмыстарға қарағанда аталған жағдайда қастандық заты ерекше мүлік болып саналады: біріншіден, табылған бөтен мүлік және, екіншіден, қазына.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 250-252 баптары бойынша, иеленушінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен осы тұлғалардың аталған затқа құқықтарынан бас тартқаны туралы еркінің бар екендігін растамайтын жағдайларда шыққан зат табылған болып саналады. Осыған байланысты табылған зат оны тапқан тұлғаның меншігі бола алмайды.
Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ мүліктік зиян келтіру.
Қорқытып алушылық. ҚК-тің 181 бабының 1 бөлігіне сәйкес, жәбірленушіге немесе оның жақын адамдарына күштеуді қолдану, олардың мүлкін жою немесе бұзу, құпия сақтағысы келетін өсек-аяңды немесе басқа да мағлұматтарды тарату қаупін төндіріп талап ету арқылы мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді, я болмаса мүліктік сипаттағы кез-келген әрекеттерді жасауды талап ету қылмысы болып табылады.
Қорқытып алушылықтың объективті жағы жәбірленушіден кінәліге мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді, я болмаса одан мүліктік сипаттағы әрекет жасауды талап етуді білдіреді. Талап жәбірленушіге немесе оның жақын адамдарына күштеуді қолдану, олардың мүлкін жою немесе бұзу, құпия сақтағысы келетін өсек-аяңды немесе басқа да мағлұматтарды тарату қаупін төндіру арқылы жасалады. Жоғарғы Сот Пленумы өзінің 2001 ж. 21 желтоқсанындағы Қаулысында көрсеткендей , бұл жағдайда айыптының төндірген қаупін іске асыру ниеті бар-жоқ болғаны маңызды емес. Жәбірленушінің оны шын мәнінде қабылдағаны жеткілікті.
Заң шығарушылар қорқытып алушылықтың нышандар құрамын формальды түрде құрастырған. Ол тиісті қауіп төндіре отырып қылмыс затын беруді талап ету сәтінен бастап аяқталған болып табылады.
Кез-келген жасы 14-ке толған жауапқа қабілетті тұлға қорқытып алушылықтың субъектісі болып табылады.
Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұғымы мен нысандарына жасалған талдау қысқа болғанымен де, қорқытып алушылықтың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге жатқызылуы қаншалықты заңға сәйкес деген мәселені қоюға негіз болып отыр. Белоруссия қылмыстық заңнамасында бұл мәселе бір мағынада шешілген: қорқытып алушылық – бұл бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны. Алайда бұл күмән тудырып отыр. Қорқытып алушылық кезінде мүлік жәбірленушінің еркінен қарсы алынбайды [21]. Ол өзі тиісті қауіп төндіріп отырғанымен де, өз еркімен мүлкін айыптыға береді. Бұл кездейсоқ емес, сондықтан Ресей авторларының еңбектерінде осы мәселе бойынша ортақ пікір жоқ. Авторлардың кейбіреулері қорқытып алушылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің