Сот Пленумының 2007 ж. 11 шілдедегі № 8 Қаулысына сәйкес, жалғасып жатқан қылмыстарда ұрланған мүліктің құнын анықтау кезінде ұқсас қылмыстық әрекеттердің ниеті бір екендігі ескеріліп, ұрланған мүліктің жалпы құны есептелу керек. Қылмысқа бірге қатысушылар ұрлаған мүліктің мөлшерін анықтау кезіндегі мәселе жоғарыдағыдай шешіледі. Ұрланған мүлік бірге қатысушылардың әрқайсысына тиесілі сома емес, бірге қатысушылардың ұрлағанының жалпы құны (әрине, субъективті белгілер бар болған жағдайда) негізінде бағаланады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің белгілі-бір түрі туралы мәселені шешкен кезде айыпты тұлғаның ниетінің бағыттылығын ескеру қажет. Жоғарғы Сот Пленумының жоғарыда аталған Қаулысында былай делінген: «Егер ұрлық жасау кезінде айыптының ниеті ірі немесе аса ірі мөлшердегі мүлікті иеленуге бағытталған және бұл әрекет айыптыға байланысты емес жағдайлармен іске аспаған болса, жасалған әрекетті нақты ұрланған мүліктің көлеміне қарамастан ірі немесе аса ірі мөлшерде ұрлық жасау қастандығын ойлау деп бағалау керек» [31]. Ірі мөлшерде ұрлық жасау ҚР ҚК 175-бабына сәйкес, егер айлық есеп-мөлшерінен 500 есе қымбат мүлік ұрланған болса, Қазақстан Республикасында ірі мөлшердегі ұрлық деп есептеледі. Бұл ірі мөлшер қылмыстың бір эпизодына да, сондай-ақ жалғасқан бірнеше қылмыстың нәтижесіне де қолданылуы мүмкін. Егер бірыңғай қасақаналық болмаса, бірнеше рет жасалған қылмыстан келген зиянның басын қосуға болмайды. Мұндай жағдайда бірнеше рет жасалғандық бағалау белгісі қолданылуы қажет. Егер қылмыскердің ниеті ірі мөлшерде ұрлық жасауға бағытталған болса, бірақ оның еркінен тыс жағдайларға байланысты ұрланған мүліктің құны ірі мөлшерге жетпесе де, ірі мөлшерде қылмыс жасауға ұмтылғандық деп бағалау қажет.
Қорытындылай келгенде, ұрланған мүліктің мөлшері қылмыстың коғамға қауіптілігін көрсететін бағасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 21.03.1995 ж. баяндамасында қылмыстылықпен аяусыз күрес жүргізу қажеттігін көрсете келіп, былай деген болатын: “Нарықтық қатынастардың дамуы жаңа қылмыстық жағдайды және шаруашылық саласында жаңа қылмыс түрлерін туғызды. Бұл күнде біздің экономикамызда мынадай жағдайлар қалыптасты:
– астық, мұнай, металдар, мал шаруашылығы өнімдері, алтын-валюта қорлары ұрлануда. Іс жүзінде Еліміздің ұлттық байлығы ұрлауға салынуда. Тек қана ірі мөлшердегі ұрлықтың саны 1700-ден асып кетті”. Президентіміздің бұл айтқанынан шығатын қорытынды, қандай мөлшерде ұлттық байлық ұрлауға салынғанына қарамастан, ұрлық мемлекетіміздің экономикасына аса зор зиян келтіріп отыр.
Пайдакүнемдікпен жасалған әрбір қылмыс ұрланған мүліктің белгілі бір бағасына және мөлшеріне байланысты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың белгілі бір мазмұны белгілі бір қылмысты бағалауға негіз болады. Яғни, ұрланған заттың мөлшері қылмыстың өлшемі болып табылады. Мұндай мөлшер әлбетте, мүліктердің құны. Демек, қылмыстың қоғамға