Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова страница 11

Аймақтық экономиканы басқару - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

құрылымындағы едәуір айырмашылықтар және олардың нарыққа әркелкі бейімделуі. Аумақтық-салалық құрылымдардың әртүрлі деңгейлері және әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейіндегі жоғары саралану нарықтық қатынастардың қалыптасуының бастапқы кезеңінде де, қазіргі уақытта да мемлекеттің реттеуші рөлін күшейтуді, шағын және орта бизнестің дамуына әсерін тигізетін институционалдық құрылымдарды құру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Аймақтық еңбек бөлінісінің қандай түрлері бар?

      2. Қоғамдық еңбек бөлінісіне тән қандай сипаттамалар бар?

      3. Еңбекті аумақтық және салалық бөлу қағидаларының бағыттары қандай?

      4. Еңбекті бөлу үдерісінде кездесетін қарама-қайшылықтардың қандай түрлері бар?

      5. Аумақтық деңгейде салалық құрылымның өзгеру динамикасын сипаттайтын индикатордың мәні неде?

      6. Қазақстандағы жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымына талдау жасаңыз.

      7. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сараланудың өсуінің объективті себептері қандай?

      4. АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

      4.1. Аймақтың әлеуетінің негізгі құрамдас бөліктері

      Аймақтың экономикалық әлеуеті оның негізгі құрамаларымен: табиғи-ресурстық әлеуетпен, еңбек әлеуетімен сипатталады.

      Табиғи-ресурстың әлеует қазіргі таңда белгілі және техникалық критерийлер бойынша жақын болашақта қолданылуы мүмкін табиғи ресурстардың барлық түрлерінің жиынтығымен анықталынады. Ресурстардың жеке түрлерінің мәні, мазмұны, әлеует мөлшері уақыт өте өзгереді, сондықтан да оларды бағалау әрқашан тарихи тұрғыда салыстырмалы.

      Барлық табиғи ресурстардың екі негізгі белгісі бар – шыққан жері (табиғи) және пайдаланылуы (экономикалық). Осыған байланысты олардың екі жіктемесі қалыптасты.

      Табиғи жіктемесі бойынша минералды су, жер, топырақ, биологиялық (өсімдік және жануарлар), жылу ресурстары (күн, жерасты сулары және мұхит тұңғиықтары), қозғалыс күштері (жел, көтерілу мен қайту, ағын су), жаңа, дәстүрлі емес ресурстар – заттың, биоорганизмдердің және т.б. тереңдік құрылым ресурстары ерекшеленеді.

      Шығу белгісі ресурстардың сарқылатындығымен және қалпына келуімен толықтырылады. Осы болып белгілер бойынша: 1) сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстар – минералды шикізаттар және отын, топырақ қабаты, жерасты сулары; қалпына келетіндер – өзендер және көлдердегі су қорлары, жылдық жерүсті және жерасты ағындар, топырақ қабатындағы қоректі заттардың қоры, өсімдік және жануар әлемі; 2) сарқылмайтын ресурстар – жылу, жарық, күн энергиясы, жел, мұхит, көтерілу мен қайтулардың энергиясы, жерішілік және мұхиттық жылулық энергия, мұхит суларының қорлары, материяның тереңдік құрылым ресурстары, ғарыш ресурстары ерекшеленеді.

      Аймақ дамуының экономикалық әлеуетінің негізгі бағалау көрсеткіштерінің бірі – аймақтың

Скачать книгу