Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков страница 4
Фактологиялық мәліметтерді баяндаумен қатар, ғалымдардың ғылыми бағыттарын, ұстанған алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасуының мәселелері туралы ғылыми қөзқарастар мен концепцияларды нақты талдай білу керек.
Сабақ соңында семинар тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді меңгеру мен есте сақтау деңгейін тексеру үшін экспресс сауалнама мен диктант-персоналий жүргізіледі.
Гоминидтер – ең жоғары ұйымдастырылған адамтектес маймылдар тұқымдасы. Қазіргі адаммен, оның ізашарлары, палеонтроптар мен архантроптар, сол сияқты көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, австралопитектер енеді. Кейбір ғалымдар архантроптардан бастап гоминидтер тұқымдасын тек адамдармен ғана шектейді. Олар тұқымдастардық қолдаушылар деңгейін кеңейтіп 2 тұқымдас тармағын еңгізеді: австралопитекпен адамның 1 туысы мен тік жүретін адамның 2 түрі мен есті адамды. Тұқымдастардың шығу проблемасының бірі, ол жалпы ататектен сұрақтың гомин мен дион дивергенциялану уақыты және понгид бұтақтарының эволюциясы.
Презинджантроп – Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда осындай атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
«Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») - адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келеді. Ол питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» – пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.[4]
Синантроп – «Homo erectus» – тің екінші бір түрі. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ