Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков страница 6
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 – 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады
Маханжар мәдениеті - неолит заманындағы ескерткіштердің жиынтық атауы. Торғай иінін қамтиды. 1970 – 90 ж. аралығында Қостанай және Торғай ар-хеол. экспед. (жетек В.Н. Логвин) зерттеу жұмыстарының барысында ашылды. Негізгі мәліметтер Маханжар, Соленое Озеро-2, Екідің-24 қоныстары бойынша алынған. М. м-не жататын ескерткіштер саны 16, олардың 13-нде (Алқау-2, Амангелді, Бестамақ, Түрлі-2, Дүзбай-1-3, Екідің-24, Қарамырза-6, Надеждинка-2, Саз-2, Соленое озеро-2, Сұлукөл-1) қазба жұмыстары жүргізілген. Ескерткіштердің көпшілігі өзен жағалауларында орналасқан. Құрылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай-1-ден тік бұрышты тұрғын үй орнының бір бөлігі ғана анықталған. М. м-не жататын ыдыстар жұқа, ұзынша етіп жасалынған.