Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков страница 7

Жанр:
Серия:
Издательство:
Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков

Скачать книгу

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанды мекендеген халықтардың қоғамындағы өндіргіштік экономиканыңқалыптасуы, сондай-ақ, Орал-Ертіс кеңістігіндегі энеолит мәдениетінің орнығуындағы жаңа тас дәуірі ескерткіштерінің алатын орны қарастырылған.

      Семинар 4. Тақырыбы: Б.з.д. IV-II ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың құрылуы

Негізгі сұрақтар:

      1 Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері және Андронов мәдениеті

      2 Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті

      3 Солтүстік және Батыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті

      4 Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті

      5 Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тайпаларының мәдениеті

      Семинар сабағының мақсаты: Қола дәуірі кезеңінің археологиялық мәдениеттерімен, ескерткіштерімен таныса отырып, оларды нақты тарихи оқиғалар мен үдерістер бойынша дерек ретіндегі талдау, тайпалардың ұлан-байтақ аумақтарды игеріп қуатты бірлестіктер кұру үдерсінің өзіндік ерекшеліктерін талдай отырып, еліміздің әр аймағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдай білу дағдысын қалыптасыру.

Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

      Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.

      Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, материалдарды конспектілеу міндетті.

      Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы жағдайға тигізген әсерін, тайпалардың ұлан-байтақ аумақтарды игеріп қуатты бірлестіктер кұру үдерсінің өзіндік ерекшеліктерін талдау зерттеу еңбектері негізінде талдай білу қажет. Сабақ соңында семинар тақырыбы бойынша экспресс сауланама – негізі ұғымдар мен түсініктердің мәнін ашып көрсетуге арналған жазбаша тапсырма алынады.

Тақырыптың негізігі түсініктері мен терминологиялық аппаратына сипаттама

      Андронов мәдеиеті. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір

Скачать книгу