Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков страница 5

Жанр:
Серия:
Издательство:
Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков

Скачать книгу

мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.

Ұсынылған әдебиеттер бойынша жол көрсеткіш

      Әдебиеттер:

      1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.

      Әдістемелік нұсқау: Ежелгі тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан туралы проблеималардың көлемімен, бағыттарымен танысу үшін аталған әдебиеттің 1-бөлімімен (68-81 бб) толық танысып шығу қажет.

      2 Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алма-Ата, 1979.

      Әдістемелік нұсқау: Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігін Х.А.Алпысбаев ашқан. Ол 1957 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тас ғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасында бүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгі адамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерінің қортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылыми жинақтарда мақала етіп басып шығарды. Өзі қайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көрген монография және басқа да мақалалары ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің қортындысы болды. Х. А. Алпысбаевтың Қазақстан – ежелгі адамдардың таралуының солтүстік ошағы болуы мүмкін деген болжамының соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесімен салыстыр керек.

      3 Таймагамбетов Ж.К. палеолитическая стоянка им. Ч.Валиханова. – Алматы, 1990.

      Әдістемелік нұсқау: Қазақстандық танымал ғалым Ж. Таймағамбетовтың зертеулері нәтижесінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайлары мен Сырдария өзені алқабының арасындағы таулы жазықтықтан Евразия территориясында теңдесі жоқ жаңа “травертиналық” үлгідегі ескерткіштер табылып отыр. Бұл ескерткіштер Қазақстан археологиясында қалыптасқан тас ғасыр хронологисына өзгерістер енгізу мүмкін. Осы ескерткіштердің табылуына байланысты Қазақстанның ежелгі адамдардың мекеніне айналу датасына байланысты тың тұжырамдар ұсынған. Ескерткіштердің басым көпшілігі Қаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліп тұр.Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекше қолайлы болған. сондықтан, соңғы зертетулер нәтижесі болып

Скачать книгу