Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 3
Тарихта «Ұлы жұт жылдары» деп аталған кезең қазаққа үлкен зардап, аштық алып келіп, материалдық құндылықтары қиратылып, өндіргіш күш тердің дамуына орны толмастай салдарын тигізді: мыңдаған ерлер, әйелдер және балалар құлдыққа айдап әкетілді. Жоңғарлардың қысымына шыдамаған көптеген қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы өмір сүрген қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болды, соның нәтижесінде «жұтау мен өлім, қайыршылық пен қайғы жаппай орын алды, біреулер аштықтан өлді». Бұл ауыр апаттың себептерін зерттеушілер қазақ қоғамында қалыптасқан жағдайлармен байланыстырады. Қазақ хандығы өзінің тәуелсіздігіне қатер төнгеніне қарамастан ұзақ уақыт бойы бытыраңқылықта өмір сүрді2.
Қабанбай батыр http://imena.pushkinlibrary.kz/
Бөгенбай батыр http://kultobe.kz
1723 жылғы жеңіліс қазақ халқын жасытқан жоқ және олардың қоғамдағы басып алушылыққа деген қарсылықтарын күшейте түсті. Егер қазақ даласында жауды тоқтатып қана қоймай, оны қуып шығатын күштер табылмағанда, қазақ халқының тағдыры бұдан да қайғылы болар еді.
Әбілқайыр хан
Өз ортасынан Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген және тағы да басқа көптеген атақты ұйымдастырушылар мен қолбасшыларды шығарды, мемлекетті аман сақтап қалу ісін халықтың өзі қолға алды3. Сонымен қатар әскери күшті саяси жағынан жұмылдырудың күрделі үдерісіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды қоғамдық және саяси қайраткерлер өз үлесін қосты. 1726 жылы жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін үш жүздің басын қосу жөніндегі саясат белсенді түрде жүргізіле бастады. 1726 жылы Ордабасы жерінде (Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай) барлық үш жүз өкілдерінің басын біріктірген тарихи құрылтай болды. Онда барлық қазақтарды біріктіру қажеттілігі мен халық жасағын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Жасақтың бас қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1718-1748) сайланды.
Ол қазақ қоғамының жоңғарға қарсы күштерін біріктіруге өзінің үлкен үлесін қосты. Осы құрылтайдан кейін үш жүздің жасақтары бірігіп, 1726 жылы Сарысу өзенінің батысына қарай орналасқан Бұланты өзенінің жағасында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Бұл осы уақытқа дейін болған соғыстардың ішіндегі жоңғарларды жеңген алғашқы шайқас болды. Қалмақтар көптеп қырылғандықтан, шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» деп аталды. 60 мыңдық қазақ жасағы жоңғар күштеріне үлкен соққы берді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, өз күшімен жауды жеңуге болатындығына деген үлкен сенімдерін ұялатты. Қазақ
2
Тынышбаев М. Великие бедствия (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата, 1991. – 152 с.
3
Копеев М.Ж. Таңдамалы. – Алматы, 1992. – 1-том. – 273 с.