Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 6

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

қайтар жолға шығып, 1733 жылдың 2 қаңтарында Уфаға оралды. Құрметті аманат ретінде онымен бірге Әбілқайырдың ұлы Ералы сұлтан мен бірнеше старшын келді. 1734 жылы 10 ақпанда Ералы сұлтанды Петербургте Ресей императрицасы Анна Иоановна қабылдады. Қабылдаудағы сөзінде ол қазақ халқының «мәртебелі қолдауға және Ресейдің мәңгілік бодандыққа қабылданғандығын» тағы да растады. Бірақ Кіші жүз Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін де қазақ қоғамындағы жағдай шиеленіскен күйде қала берді. Орта және Ұлы жүз жерлеріне белгісіз басып кіру қаупі сақталды. 1733 жылдың соңында Ұлы жүз елшілері – Аралбай мен Оразгелді Әбілқайырға Ұлы жүзді Ресейдің қоластына кіргізуіне көмектесуін сұрап келді. Осы уақытта Ұлы жүздің сұлтандары мен билері – Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Хангелді батыр және Бөлек батыр императрицадан өздерін бодандыққа қабылдауын сұрады. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Орта жүздің Ресей бодандығына қабылданғандығы жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұйрық Әбілқайыр ханға жіберіліп, Ұлы жүз ханы Жолбарысты Ор өзені сағасына ант қабылдауға шақырды. Жолбарыс хан өз кезегінде Орта Азия саудасын нығайтуға жәрдемдесу мүмкіндігі туралы мәлімдеп, сауда керуендерін қорғауға уәде берді. 1738 жылы 19 қыркүйекте императрица грамота негізінде Ұлы жүздің Ресей құрамына қабылданғандығын растады. Бірақ аймақтың Ресейден алшақ орналасуы, күрделі сыртқы саяси жағдай бұл актінің жүзеге асырылуын кейінге ысырды, дегенмен ол кейіннен мәжбүрлі түрде орындалған болатын.

      Кіші жүз және ішінара Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдағандығы жөніндегі заңдық акт рәсімделгеннен кейін оның нақтылы жүзеге асырылу кезеңі басталды. Мұнда маңызды рөлді «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» атқарды. Ол кейіннен Орынбор экспедициясы деп өзгертілді. Орынбор экспедициясы 1734 жылы ұйымдастырылды, оны Сенаттың обер-секретары И.К. Кириллов басқарды, ал көмекшісі болып Кіші жүзге жіберілген үкіметтің тапсырмасын сәтті орындағаны үшін полковник қызметіне ауыстырылған А.И. Тевкелев тағайындалды. 1734 жылдың басында императрицаның атына және шет елдер ісі коллегиясына жасаған ұсынысында И.К. Кириллов Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде қала қамал салу керектігіне назар аударды. 1734 жыл 10 маусымда императрица И.К. Кирилловқа Арал теңізінде кемелер жасағын құруға тырысу керектігін тапсырды. И.К. Кирилловтың шет елдер ісі коллегиясына жасаған ұсынысын мұқият зерттегеннен кейін императрица Орынбор экспедициясы басшысына башқұрттардың, қазақтардың, Жоңғарияның және Хиуаның қарым-қатынастары туралы нұсқауды бекітті. Қазақстандағы және көршілес елдердегі жағдайды жиі хабарлап тұрудан басқа, Әбілқайырдың Хиуамен соғысында қару-жарақ пен соғыс қажеттіліктеріне көмектесу қажет болды. 1734 жыл 10 маусымда грамотамен императрица Әбілқайыр ханды қорғауға арналған Ор өзені бойында қала қамал құрылысын салуды бекітті. Экспедицияның жан-жақты жоспары бірнеше себептерге, соның ішінде 1734-1738 жылдары башқұрттардың көтерілісіне байланысты жүзеге аспай қалды.

      Сонымен бірге

Скачать книгу