Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 8
Бақылау сұрақтары:
1. XVIII ғ. басындағы қазақ даласындағы тарихи ахуалды сипаттаңыз.
2. А.И. Тевкелев елшілігінің миссиясын түсіндіріңіз.
3. Орынбор экспедициясының құрылуына және оның қызметіне баға беріңіз.
4. Қазақ даласындағы саяси жағдайдың шиеленісу себептерін талдаңыз.
§ 3. XVIII ғасырдың 40-80 жылдары. Қазақстан шекаралас аймақтармен қарымқатынас жүйесінде
XVIII ғасырда арнайы Орынбор казак әскері құрылды. Өзінің құрылымы бойынша ол тұрақты әскерге жақын болды және жоғарғы Жайық шебі бойында – Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық бекінісіне дейінгі аралықта қызмет етті. Жайық казактарының жері Жайық бойымен созылып жатты, олар Жайықтың оң жағасында 1745 жылы өз күшімен 7 қамал мен 11 форпост тұрғызды, 1769 жылға қарай Жайық шебі бойында 15000 ға жуық үкіметтік казак отбасы өмір сүрді9. Жалпы, әскери меншік болып табылатын жерде казактар егіншілікпен, мал шаруашылығымен және балық аулаумен айналысты. 1748 жылдан бастап үкіметтің бұйрығымен казактар жаз мезгілінде шөп дайындап, бекініске жақын жерлерде хуторлар сала бастады. Осы уақыттан бастап Жайық пен Елек қалашықтарының және Жайыққа құятын кішігірім өзендердің аралығында көптеген хуторлар пайда болды. Жайық пен Еділ өзендерінің аралығында, сонымен қатар Жайықтың оң жағалауында хуторлардың салынуы қазақтардың жерін шектей түсті. Ал қазақтарға казак шаруашылық құрылыстары ауданында көшіп-қонуға рұқсат берілмеді. Егер Жайық бойында Жайық және Орынбор казактары мен қалмақтарының иеліктері болса, ал Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер де қазақтар үшін қолжетімсіз болды. Бұл жерде помещиктер – Безбородко мен Юсуповтардың саяжайлары болды. 305 шақырым бойы, яғни Еділдің сағасынан Жайықтың сағасына дейінгі Каспий теңізі жағалауының барлық жері помещиктердің алқабы болды. Екі помещиктің де саяжайлары бос болды және онда ешкім тұрмады, жағалауда балық шаруашылығымен айналысатын көпестерге қайта сатып алуға берілді. Помещиктердің приказчиктері қазақтарды бұл жерлерге үлкен төлем төлегенде ғана өткізді. 1752 жылы Ой шебін Ертіс шебімен байланыстыратын 10 бекініс пен 53 редуттан тұратын әскери бекіністің шебі салынды. Бұл шеп Омбы бекінісін Звериноголовск (Бағлан) бекінісімен қосты және Жаңа Есіл деп аталды. Осының нәтижесінде орыс шекарасы Орта жүздің жеріне қарай 50-200 шақырымға созылды. Мұндай әрекет қазақтардың қалыптасқан көшу жүйесін бұзып, Ертістің оң жағалауындағы жайылымдық жерлерінен айырды. Әскери шептердің салынуы патша үкіметіне Орта жүз қазақтарының жерлерін шектеуді заңдастырған XVIII ғасырдың 50-жылдары алғашқы заңдық актілерді қабылдауға мүмкіндік берді. 1755 жылдың наурызында шетелдер ісі коллегиясы
8
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.). – Алматы, 1999. – 288 с.
9
Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алматы, 1994. – 160 с.