Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 12
Қазақ даласының батыс, солтүстік және солтүстік-шығысқа созылған кең аумағына патшалық бекініс шептерін салды. Олар тек әскери база қызметін атқарып қойған жоқ, сондай-ақ Ресейдің отарлық саясатын жүзеге асырушы құралы да болды. Қазақ даласы жағына қарай жылжи түскен казак бекініс шептері қазақтардың көшіп-қонатын жерлерін тарылта түсті. Сондықтан да байырғы өз жерлерінен қуылған және қысымға түскен қазақтар Жайықтың оң жағалауына рұқсатсыз өтуге мәжбүр болды. Үкімет өлкедегі отарлық үстемдікті орнықтыру бойынша жаңа акт қабылдады. Сонымен, казактарға қазақтардан адамдар мен малдарды рұқсатсыз тартып алуына (сол кездегі көрінісі – барымталауға) жол берген қаулы 6 қарашада бекітілді. Бұл қаулы 1760 жылдың 18 шілдесінде адамдар мен малды барымталауға жалғыз-жарым емес, «топтанған командамен» баруға рұқсат етілген шешімдермен толықтырылды. Пугачев көтерілісі басылғаннан кейін 1755 жылы 25 шілдеден бастап Орынбордағы кез келген қазақты күдікті ретінде ұстауға ресми түрде рұқсат етілді, ал 1779 жылы 4 қазанда кез келген қазақты өзге қазақтың жасаған тәртіпсіздігі мен қылмысына қатысты ұстауға өкім шығарды. Сонымен қатар оның заңды жалғасы ретінде 1783 жылдың 3 қарашасында шыққан қаулы «казактар мен башқұрттардан әскери жазалаушылар ұйымдастырып», қазақ халқын үнемі тонауға зор мүмкіндік берді. Бодандық туралы актіге қол қойылғаннан бастап қазақтар үнемі империя тарапынан жүргізіліп отырған малдарын айдап әкету, керуенге, бекіністерге, редуттарға, т.б. шабуыл жасау саясаттарына әскери және саяси қарсылықтар, яғни тұтқындарды ұстау, бұйрықтарды орындамау, саяси бағыныштылықтан бас тарту сияқты қарсылық әрекеттерге барды. Қазақтар тарапынан қарсылық күшейген сайын халықты ауыздықтауға қатаң шаралар қолдана бастады.
Хандар мен сұлтандар дәстүрлі ақсүйектер – старшындар, билер, батырлармен ақылдаспай, құқын шектей берді. Олар барған сайын патшалықтың далалы аймақтағы тірегіне айналды, оның саясатын жүргізді, ру ақсүйектерін биліктен қуды. Патша әкімшілігі билеуші топтар арасындағы араздықты тиімді пайдалана білді. Ру аралық күрес еңбекші қауым шаруалардың тынышын алды.
XVIII ғасырдың ортасында саяси дағдарыс салдарынан Кіші жүз территориясы екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханның қарамағына қараған қазақ рулары Батыр хан иелігіне қарайтын Арал бойы мен Сырдария бойындағы қысқы жайылымдарды