Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 14
![Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов](/cover_pre235564.jpg)
1775 жылдың қыркүйегінде керей руында қозғалыс пайда болып, кейін табын және тама руларында да орын алды. Бұл «Көктемір» немесе «Көрінбейтін адам» деген атпен белгілі болды. «Көрінбейтін адамның» үгітнасихаты Пугачев есімімен байланысты еді. Қазақтар өздерінің қонысынан жаңа «басшының» шығуын күтті. Пугачев қазасы туралы қазақ даласына хабар жеткенімен, халық бұқарасы Пугачев есімін ІІІ Петр есімімен байланыстырмады. «Көктемір» қозғалысын табын руынан шыққан 22 жасар Сапура Мәтенқызы басқарды. Көзге көрінбейтіндер атынан ол өз тұрағында әскери жасақтар жинады, бұл қозғалыс 1775 жылдың желтоқсанына қарай табын және тама руларынан басқа шекті, шөмекей, байбақты руларының ауылдарына да тарап кетті. Кейін 1776 жылдың ақпанында Ресей жағына шығып кететін Досалы сұлтаннан басқа бұл көтеріліске Сейдалы сұлтан да қолдау көрсетті. 1776 жылдың көктемінде Сейдалы сұлтан бастаған көтерілісшілер отряды жазалаушы әскердің құрамында болған башқұрттарға қарсы бірнеше шабуыл жасады. Қазақ топтары бекіністерге шабуыл жасап, азық-түлікке өрт қойды, адамдарды тұтқынға алды. Құрамында 10 мыңдаған әскері бар ірі топтар Ресейге шабуыл жасау үшін Гурьев пен Кулагин бекіністері аралығындағы жерлерге топтаса бастады. Жоғарғы Орал, Таналық, Ор бекіністеріне, Елек қорғанысына және Орынборға шабуылдар жасалды.
Қазақтардың іс-қимылынан шошынған жергілікті әкімшілік орталық губерниялардан жаңа әскер жіберілуін талап етті. Отаршыл билік басындағыларға сатылған көптеген сұлтандар қозғалысты тастап кетті. Бұл «Көктемір» тобының бөлінуіне алып келді. 1776 жылдың жазында «Көрінбейтін адам» бастаған қозғалыс аяусыз басып-жаншылды. Сапура мен оның жақтастары Нұралы ханның талқандауы мен қуғын-сүргінінен қауіптеніп, Кемел өзенінің арғы жағына қоныс аударып кетті.
Е. Пугачев көтерілісі, «Көктемір» қозғалысы қалың қазақ қоғамына барынша ықпал етті. Қазақтардың бұл қозғалыстарға қатысуы империяның отаршылдық езгісіне қарсы күреске қатысуына түрткі болды. Бұл стихиялы қозғалыстарда қазақтардың өз жерлерін казак отарлаушыларынан азат етуге талпыныстар жасалып, патшалық ұлы державаға қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Сонымен қатар қазақ шаруаларының қозғалыстары қазақ жүздеріндегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарын ашып көрсетті.
Бақылау сұрақтары:
1. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың да қатысуының себептерін айтыңыз.
2. Қазақтардың көтеріліске қатыса бастауына түрткі болған себептер қандай?
3. Қазақ жасақтарының шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейінгі соғыс қимылдарын баяндаңыз.
4. Көтерілістің жеңілу себебі мен салдары.
5. Қазақтардың шаруалар