Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 9

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

2 мың казакты көмекке беріп, қазақ даласына «әскери барлау» ұйымдастыруға рұқсат берді. Қалмақтар Жайық арқылы өтіп, қазақтардың көп малын тартып алып, айдап әкетті. Қазақтардың қалмақтармен қатынасы 1771 жылға қарай шешілді, бұл кезде Убашы билеуші өкілі бастаған қалмақтардың басым бөлігі патшалықтың ауыр қысымынан кейін Жоңғария территориясына көшіп кетті. Ертеректе қалмақтар орналасқан жайылымдар бос болғанымен, патша үкіметі бұрынғыдай қазақтардың осы жерлерді еркін пайдалануына рұқсат бермеді. Елек аумағында да тыйым салынған жерлер болды. Мұнда Елек бекінісін салуға байланысты қарсылық қозғалыстары басталды. Қазақтар бекініс салынғаннан кейін Елек өзені бойындағы жерлерінен айырылып қалуынан қауіптенді. Сондай-ақ қазақтар Елек бекінісінің ауданында шығарылатын тұзды алудан айырылып қалғанына риза болмады.

      Сондықтан олар Орынбор губернаторынан Елек бойында еркін көшіп-қонуға және бекініс құрылысын бастамауға рұқсат беруін сұрады. Рұқсат бермеген жағдайда олар бекіністі бұзып тастайтындығын айтып қорқытты. ХVIII ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазақтар патша үкіметімен жайылымдарының ауданын кеңейту жөніндегі бейбіт келісімдермен қатар қарсылықтың бейбіт емес түріне де көшті: тыйым салынған территорияларға өз еркімен малын айдап және әскери бекіністерге қарулы шабуылдар жасады. Қазақ халқының Ресейдің отарлау саясатына қарсылығы ретінде көрші елдерге көшіп кету арқылы бодандықтан бас тарту әрекетін айтуға да болады. Сонымен қатар Жоңғар мемлекетінің жойылуына байланысты Қытай шекарасында бос жерлер пайда болды. 1759 жылы Нұралы хан орыс әкімшілігіне қазақтардың қазақ-қытай шекарасына көшіп кеткелі жатқандығын мәлімдейді. Қазақтардың екінші және жүзеге асуы беймәлім әрекеті Түркия жеріне көшіп кету болды. Осылайша, орыс отарлаушы әкімшілігі қазақ қоғамының экономикалық негіздерін бұзатын көптеген шектеулер қоя отырып, XVIII ғасырда қазақ даласына белсенді түрде ене бастағандығын айтуға болады. Мұның барлығы XVIII ғасырдың 70-жылдары қазақтарды отарлауға қарсы қозғалысының кеңінен өріс алуына себеп болды. Сондай-ақ орыс әскерлерімен ғана емес, ішінара патшалыққа адал қызмет етуші қазақ билеушілерімен де күрес жүргізілді.

      Жоңғарияда Қалдан-Церен қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері арасында билік үшін кескілескен күрес басталды. Қазақ сұлтандары жоңғар

      Абылай хан билеушілерінің талас-тартыстарына қуана қатысты, себебі бұл оларға Жоңғарияның ішкі істеріне белсенді қатысып, Цеван-Рабдан мен Қалдан-Церен тұсында жаулап алынған Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жерлерін қайтарудың сәтті мүмкіндігі болды. Жайылымдық жерлері жоңғар иеліктерімен көршілес орналасқан Абылай сұлтан Жоңғариядағы жағдайларға ерекше қызығушылық танытты. Таққа мұрагерлерді кезекпен қолдай отырып, жоңғарлардың территориядан бірталай шегінуіне қол жеткізді. Осы уақытта Моңғолиядағы қытай билеуші өкілдері Жоңғариядағы жағдайды

Скачать книгу