Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 5
Бақылау сұрақтары:
1. XVIII ғ. басында Жонғар агрессиясының күшею себептеріне талдау жасаңыз.
2. Ақтабан шұбырынды жылдарындағы қазақ жүздеріндегі жағдайға сипаттама беріңіз.
3. Аңырақай шайқасы және оның маңыздылығына баға беріңіз.
4. XVIII ғасыр басында қазақтар мен Еділ қалмақтарының арасындағы қарымқатынастың шиеленісуін талдаңыз.
§ 2. XVIII ғасырдың 30-50 жылдары Ресей империясының Қазақстанда жүргізген саясаты
1730 жылдардың басына қарай қазақ жүздерінің ішкі саяси жағдайы мен халықаралық байланысы күрделене түсті. Жоңғарлармен болған соғыстың аяқталуы басты міндетті – Қазақстанның басып алынған оңтүстік территориясын түпкілікті қайтарып алуды шеше алмады. Қажетті қысқы жайылымдарынан айырылған қазақ тайпалары солтүстікке қарай көшті, онда олар Ресей мемлекетінің шекараларына жақындады. Бұл Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, орыс қамалдарының гарнизондарымен, Жайық және Сібір казактарымен қақтығыстардың өршуіне алып келді. Осыған орай, билік үшін әулетаралық күрес шиеленісе түсті. Қазақ хандығының алдында маңызды әрі күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаулардан қорғау және ел ішінде күшейіп келе жатқан ішкі талас-тартыстар үдерісін еңсеру тұрды. Осы жағдайда қонысы Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақ ақсүйектер элитасының бір бөлігі Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатпақ болды. Олар патшалық үкіметтің көмегімен ішкі саяси жағдайды тұрақтандырып, шекаралас территориядағы жер дауын реттеп, Еділ маңы, Орал маңы, Батыс Сібір базарына рұқсат алмақ болды, сонымен қатар орыс әскерлерінің көмегімен жоңғарлар тартып алған Жетісу жерлерін қайтарып алуды көздеді. Бұл жағдайлар орталықтанған хандық билік институтының әлсіреуіне, сондай-ақ Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жеке мүдделері оның 1730 жылы Ресей императрицасына жүгінуіне себеп болды. Әбілқайыр хан Ресей императрицасына өзінің қоластындағы халқымен бірге Ресейдің бодандығына алуын өтініп, Құлымбет Қоштаев пен Сейітқұл Қойдағұлов бастаған елшілігін жіберді6. Ортаазиялық базармен байланысын нығайтуды көздеп, Әбілқайыр хан Хиуа мен Бұхараға орыс көпестерінің керуендерін шығарып салуға дайындығын білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Сонымен бірге жыл сайын 4000 түлкі көлемінде жасақ төлеп, өз балаларын аманат ретінде жіберетіндігіне уәде берді. Осылардың қайтарымы ретінде Ор өзені сағасына қамал салып беруін, оған және оның ұрпақтарына хандық титулды бекітуін, башқұрт, қалмақ, Жайық казактарының тонаушылық жорықтарынан қорғауын сұрады. Қамалды салу арқылы Әбілқайыр хан өзінің хандық билігін нығайтуды және қоластындағылар мен бағынбағандарды жуасытуды көздеді.
Шетелдер ісі коллегиясы елдің азиялық саясаты бойынша жеткілікті дәрежеде тәжірибе жинақтады. Ресей 1730 жылы қазақ елшілігіне дейін Еділ қалмақтарын, Кабардин княздықтарын, грузин жерлерін құрамына қабылдаған болатын. Әбілқайырдың елшілеріне әр түрлі құрмет
6
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. – Алматы, 1999. – 336 с.