Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 7
Әбілқайыр мен оның айналасындағылардың, ал кейіннен Орта жүздің беделді Шыңғыс ұрпақтарының Ресей бодандығын қабылдауы Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастардың бағытын айтарлықтай өзгертті. Қазақтар жиі қайталанып тұрған жоңғарлардың тонаушылық жорықтарынан құтылғанына қарамастан біртіндеп далалық аймақтарды әскериказактық отарлау басталды. Қазақ даласының кеңдігі Ресей шенеуніктеріне бақылаусыз және аз қоныстанған деген жалған түсінік қалыптастырған болатын. XVIII ғасырдың 30-жылдары патшалық барлық амалдармен, негізінен, әскери-қорғаныс шептеріне сүйене отырып, көшпенділердегі аграрлық қатынастар түрінің ерекшелігін жете түсінбей, жеке шаруалар мен үкіметтік отарлауды қолдады.
Ресей және қазақ жағынан қол қойылған сол уақыттың құжаттарында маңызды мемлекетаралық мәселелер көрініс таппаған. Соның ішінде әкімшілік-территориялық шегі, шекара мәселелері, жер қорын пайдаланудың болашағы, казак жасақтарын орналастыру, шекаралық шептердің күші орнаған аудандарда орыс қоныс аударушыларын орналастыру мәселелері бар. Бұл мәселелер орыс билігінің таралуына қарай Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде Әбілқайырдың Орынбор әкімшілігімен жиі әрі күрделі келіссөздер жүргізуінің және ханның Ресейге байланысты ұстанымының нашарлауының басты себептері болды. Әбілқайыр өзіне жасалған Орынбордың әкімшілік қысымына қарай әскери-инженерлік база құрылыстарын кеңейтудегі патшалықтың қауіпті шараларын түсінді. Әскери-инженерлік база салу арқылы патшалық өлкеде әскери-отырықшылық отарлауын жүргізді. Тек 1740-1743 жылдар аралығында Кіші жүз бен Оңтүстік Орал жерлерінің шекарасында қазақ жерлерін айтарлықтай тарылтқан көптеген қамалдар салынды.
Аса ірі өзгерістер Орынбор губерниясының құрылуы және оның бірінші губернаторы болып генерал И.И. Неплюев тағайындалуымен байланысты болды. И.И. Неплюев пен Әбілқайырдың арасында кикілжіңдер мен келіспеушіліктер басталды. И.И. Неплюевтің қызметімен бірқатар әкімшілік-саяси шаралар байланысты болды. Орынбор қаласы Сақмар өзенінің Жайыққа құяр жеріне ауыстырылды, жаңа Орынбор шептерінің қамалдары мен редуттары салынды, Үй шебі нығайтылды, қазақтармен және Орта Азия халықтарымен сауда дамытылып, өркендеді. И.И. Неплюев нығайтылған шептер құрылысын кеңейту жөнінде қатаң саясат жүргізді7. Қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына, яғни олардың иеліктеріне еркін өтуіне кедергі келтіріліп, Жайық шебі кеңейтілді. Үй шебі шығысында жаңа Есілмен бірігуі керек еді. Жаңа Есіл шебі өз кезегінде Ертіс шебі арқылы Сібір редутымен бірігіп, оған 1743 жылы негізі қаланған Троицк бекінісі қосылды. Кейіннен оған жаңа Есіл шебінің
7
Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. 2. – 2-е изд. / под ред. профессор С.Д. Асфендиярова. – Алматы, 1998. – 350 с.