Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 11
Нұралының ішкі жағдайы да тұрақсыз болды. Ол сыртқы қолдауға зәру болғандықтан, жәрдемді патша әкімшілігінен тапты. Сонымен бірге алғашқы кезде Нұралы барлық қазақ жүздеріне ұлы хан болуды ойлайды. Ал шындығына келгенде Нұралының шынайы билігі мен қожалығы Ембі мен Орал аралығында көшіп-қонған қазақтармен, байұлы, жетіру руларымен ғана шектелді. Кіші жүздің саны жағынан да, ықпалы жағынан да басымдыққа ие әлімұлы рулық бірлестігі Нұралыға бағынбады. Өте беделді рулардың бірі саналған шекті руы да одан көшіп кетті.
Шекаралық барымта, анығырақ айтқанда, бір-бірінен мал айдап кету отарлық экспансияның көрінісі және онымен орыс-қазақ шекарасында жүргізілген күрес биліктің тәртібіне бағынбады. Орал бойында орналасқан Ресей шекаралық отрядтары бейбіт қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуылдар жасап отырды. Өздерінің жазаланбайтындығын көріп отырған Ресей шекаралық күзетшілерінің бір бөлігі үшін қазақ даласына шабуыл жасау біртіндеп оңай олжа табу көзіне айналды. Олардың бастамашылары Орал казак әскерінің старшындары болды.
Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділ аралығына көшіп-қону мәселесі еді. 1756 жылы қазақтарға қыстың күні Оралдың батыс бөлігіне мал жаюына тыйым салынған патша жарлығы шықты. Ал жазда Оралдың сол жағалауындағы жұтаң жайылым мал тұяғына тапталып жатты, яғни ол жерде қамыс төселген жер де, қысқы тұрақ үшін шөп те, тоғай да болмады. Қысқы бұрқасын мен боранда жаппай малдың қырылуы орын алды. Нұралы хан, билер мен сұлтандар осындай орын алған жағдайларға алаңдады. Бұл мәселе хан мен ру старшындарының, ірі билердің жағдайын қиындатты. Патша жарлығының ресми түсіндірмесі қазақтар мен қалмақтар арасындағы қақтығыс отын тұтатып, бір-бірінен барымта алуды күшейтуге құрылды. Дегенмен бұл жарлықтың астарында тағы да мынадай сыр жатқан еді: қазақ қоғамын экономикалық жағынан әлсірету, оларды сыртқы ықпалдан оқшаулау. Өз кезегінде мұндай ахуал жер пайдалану мәселесін одан әрі ушықтыра түсті. Жайылым жерлердің жетіспеушілігінен, қыстың қатты болуынан қазақ шаруалары зардап шекті. Жер иеленудегі рулық айтыс-тартыстар, егестер қатардағы көшпенді малшыларға ауыртпалық әкелді: олардың жайылымдық жер көлемі, көшіпқону жолдары да қысқартылды, одан сорақысы бұл жағдай жылдан-жылға шиеленісе түсті.
Қазақтардың жер қожайындары «ішкі жаққа» көшіп-қону құқығына қол жеткізудің қажеттілігі мәселесі төңірегінде ауызбіршілікте болды. Осындай талаптарын алға тарта отырып, Нұралы ұзақ уақытқа созылған хат алмасулар жүргізді, бұл жерлерді қазақтардың пайдалануына рұқсат беру туралы көптеген өтініштер де түсірді. Осындай хат алмасулар