Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 10

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жүргізу үшін Пекинге елшілігін аттандырды. Осымен бір мезгілде Қытай императоры Абылай сұлтанға өзінің елшілігін жіберді. 1758-1759 жылдар аралығында жоңғарларды жазалау кезінде қытай жасақтары қазақ жерлеріне бірнеше рет басып кірген болатын, бірақ император қазақ жерлерінен үміттенбеді. Сондай-ақ ол Абылайдың хандық титулын алдын ала мойындап, орыстарға қарсы өзінің көмегін бірнеше рет ұсынды. Бұл жағдайлар Абылайдан сыртқы саясатында екі жақтылықты тиімді ұстанып және Қытай мен Ресей арасында өз әрекетін бағамдап жүзеге асыруын талап етті. Ресми түрде Ресей империясының боданы бола отырып, орыс отарлаушыларының билігіне қарсы Қытай императорынан қолдау табу мақсатында Абылай Пекинге бірнеше рет елшіліктер жіберді10.

      Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы. Жоңғарияда манчжур-қытай билігінің орнауымен Қазақстанның шығысындағы жер мәселесі шиеленісе түсті. Қытайлықтар жоңғарлардан босатылған жерлерге қазақ көшпенділерін кіргізбеу үшін Іле өзені даласында және Тарбағатайда әскери бекіністер сала бастады. 1761 жылы Қытай императоры қазақтардың Аягөз өзенінен оңтүстікке қарай көшуіне тыйым салғандығы туралы жарлық шығарды. Бірақ та бұл тыйыммен ешкім санаспады, қазақтар Тарбағатайдағы жайылымдарды иелене берді. 1762-1765 жылдары Қытай әскерлері қазақтарды Жоңғария жерлерінен қуып шығуға байланысты бірнеше жазалау шараларын жүргізді. Дегенмен бұл әрекеттердің нәтижесі болмады, себебі қыстың басталуы мен қытайлықтардың кетуіне байланысты қазақтар осы территорияларға қайта оралды. Сонымен қатар XVIII ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында қазақтардың Жоңғария аумағына келуі күшейгендіктен, Цинь үкіметі 1767 жылы Тарбағатай мен Іле өзені бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруге мәжбүр болды. Қарымтасына қытайлықтар жалға берілген жерлердің ақысын және қытай бодандығын қабылдауын талап етті. Нәтижесінде XVIII ғасырдың соңына қарай Орта және Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Қытай бодандығын қабылдап, Тарбағатайдың, !ле өзені даласы мен Моңғол Алтайының бай жайылымдарын иеленді. Бұл территориялар Қытайдың «Жаңа провинциясы» – Шыңжаң құрамына кірді. Осылайша, Абылай сұлтанның салмақталған және ойластырылған саясатының арқасында қазақ жасақтары Ресейден көмек алмай-ақ қытай басқыншылығын өз күштерімен тоқтата алды, сондай-ақ XVIII ғасырдың соңында қазақтар Шыңжаңның бай жайылымдарын иеленді, осының нәтижесінде Қазақстандағы жер дауы біраз бәсеңдеді. Дегенмен бұл түптің түбінде қазақ этносының Ресей мен Қытайдың арасында бөлінуіне алып келді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Қазақстанды отарлаудағы Орынбор казак линиясының ішкі саяси жағдайларға ықпалы.

      2. Абылай ханның дипломатиялық саясатына баға беріңіз.

      3. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саяси өзгерістердің нәтижесі туралы баяндаңыз.

      4. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның геосаяси жағдайын

Скачать книгу


<p>10</p>

Абылай хан. Тарихи жырлар. – Алматы, 1993. – 4-том. – 134 б.