Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 13
5. Нұралы хан басқару кезеңіндегі Кіші жүздегі саяси жағдайды айтыңыз.
6. Кіші жүздегі саяси тоқырау кезеңін сипаттаңыз.
§ 5. Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Ресейдің қазақ жеріне қарай енуі, казак шептерінің нығаюы қазақтардың көшіп-қону аудандарын шектеді. Үй, Ертіс, Есіл шептері салынып, қазақтарға Еділ мен Жайық аралығына, Есіл, Тобыл маңына, Каспий теңізінің солтүстік жағалаулары бойларына көшіп-қонуға заңды түрде тыйым салынды. Бұл жерлер казактарға берілді немесе мемлекеттік қор ретінде тіркелді. Көшпенділердің өмірлік қажеттіліктеріне көптеген шектеулер қойылды. Патша үкімдерін бұзғандарды соттап, Сібірге айдауға жіберді. Жайық пен Орал казактары, қызметші башқұрттар далаға қарақшылық шабуылдар жасап, малдарын айдап, адамдарды тұтқындап әкетіп отырған. Ресейдің құрамына кіруге де бірінші болып әрекеттеніп, басқалардан бұрын патша отаршыл озбырлығын өз басынан өткерген Кіші жүз өзінің тарихи территориясына деген құқығын қорғау үшін бірінші болып қолға қару алған болатын.
Пугачев http://subscribe.ru/archive/ media.news.runapro
1773-1774 жылдары Кіші және Орта жүз қазақтары Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысты.
Қазақтардың бұл көтеріліске қатысуының басты себептері жер мәселесінің ушығуы, қазақтардың Жайық, Елек, Каспий теңізі жағалауларындағы жайылым жерлерінен айырылуы, отаршыл әкімшіліктің шектен тыс әрекеттері еді. Сонымен қатар жүздегі орын алған күрделі ішкі саяси жағдайлар, хандар мен ру басшыларының саясатына наразылығы Пугачев үндеуінің қазақтар тарапынан қолдау табуына себеп болды.
1772 ж. Жайық казактары патша үкіметіне қарсы көтеріліс бастады, бұл көтеріліс басылғаннан кейін орыс шекара шептеріндегі жағдайлар жөнінде сыбыс қазақ даласына жайлап жете бастады.
1773 жылдың қыркүйегінде Е. Пугачев көтерілісі басталады. Пугачевтің үндеулері мен «манифестерінің» қазақ даласында таратылуы көптеген қазақтардың көтерілісшілерге қосылуына септігін тигізді. 1773 жылдың күзінде қазақ жасақтарының төменгі Жайық шептері бойындағы бекіністер мен форпостарға жаппай шабуылдары басталды. Қазақтардың, қалмақтардың, казактардың біріккен топтары Кулагин бекінісін және шептің орталығын басып алып, өздері жек көретін Бородин атаманын дарға асты. Одан соң қазақ жігіттері патша әскерінен Жайық қаласын алуға, Орынборды қоршауға, Гурьевті қорғауға қатысады.
Е. Пугачев көтерілісінің барысы http://www.cleversite.narod.ru/vostan.html
1774 жылдың көктемінен күзіне дейін қазақ тобы Жайықтың барлық ағысының Гурьевтен Ор бекіністеріне дейінгі қорғаныстарына шабуыл жасады. Сахарный бекінісі, Яманкаменский, Антоновский, Бударинский, Сарайшық, Каленовский және т.б. форпостарға шабуылдар жасалды. Қазақ жасақтарын Досалы сұлтан, Сырым, Айдар, Жолан, Елбарыс деген батырлар басқарып, әскери әрекеттерге 6000 шамасында ғана қазақтар