Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 17

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жеңіліс табуына билер мен старшындардың сатқындығы, басшылардың тұрақсыздығы, Жайық пен Еділ аралығында мал жаюға рұқсат етілуі, көтерілістің бірден-бір себебі саналған жер мәселесінің уақытша бәсеңдеуі себеп болды.

      Көтерілістің басты қозғаушы күші феодалдық және отарлық езгіден, хан, сұлтан, патша әкімшілігі озбырлығынан құтылуға талпынған шаруалар болды. Олар Еділ мен Жайық аралығындағы тартып алынған жерлерін қайтарып алуға ұмтылды. Көтеріліске жүздегі өз жағдайларын нығайтуға ұмтылған билер мен старшындар да қатысып, хандар мен сұлтандарды билікпен бөлісуге мәжбүр етті. С. Датұлы халық бұқарасының жер үшін күресін қолдай отырып, мемлекеттіліктің жаңа формасын құруға, хандық билікті халық жиналысымен алмастыруға, олардың арасында билікті старшындардың қолына беруге ұмтылды.

      Қазақ халқы тарихындағы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтары көтерілісі маңызды тарихи оқиға болып табылады. Бұл көтеріліс ұлт-азаттық сипатқа ие бола тұра, ұлттық сана-сезімінің өсуіне әсер етті. 1783-1797 жылдары ірі қозғалыс феодалдық және отарлық езгіге қарсы бағытталып, Кіші жүздегі хандық билікке кері әсер ете отырып, оның толық жойылуына себепкер болды.

      Бақылау сұрақтары:

      1. 1782-1783 жылдары Кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?

      2. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?

      3. Кіші жүздегі Қазақ шаруалары көтерілісі кезіндегі басты оқиғаларды айтыңыз.

      4. 1790 жылдардың басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?

      5. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың көшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?

      ІІ тарау

      ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНЛАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

      § 1. ХІХ ғасырдың бірін ші жартысындағы Қазақстанның ішкі саяси жағдайы

      ХІХ ғасырдың бірінші онжылдығы Кіші жүз үшін қиындықтарға толы болды. ХVIII ғасырдың соңғы ширегінде Орынбор губернаторы О. Игельстромның Даладағы шекаралық сот пен жаза туралы реформасын енгізудегі бірінші тәжірибесі ақталған жоқ. Ресей билігі Кіші жүзді басқару кезеңінде хандық жүйеге қайта оралды. Жиырма жылдың ішінде (1790-1810 ж.) Кіші жүзде 4 хан ауысты: Ералы (1790-1794 ж.), Есім (1794-1797 ж.), Айшуақ (1797-1805 ж.), Жантөре (1805-1809 ж.). Осы хандардың қазақ халқына ешқандай беделі мен ықпалы болған жоқ, сонымен қатар олар төреші болып, шекара, ішкі-сыртқы мәселелерді, халық арасындағы алауыздықты шешуде кепіл бола алмады. Бұл жағдай Ералы мен Жантөре хандарының өлімдерінен кейін байқалды. Осыдан кейін хан тағы үшін тартыс пен ел арасындағы араздық күшейе түсті. Орынбор губернаторы Г.С. Волконский: «Даладағы тәртіпсіздік пен жаппай бұзылу» бұрын-соңды мұндай әбігерлік туғызып, төмен дәрежеге түспегенін айта отырып, қазақтар «жаппай ұрлықпен айналысатын болды, сыртта ұрлық жасамаса да, өзара ішкі ұрлық жасайтын болды», – деп атап өткен12. Қаруланған қазақ жасақтары Далада

Скачать книгу


<p>12</p>

Император Александрға Орынбор әскери губернаторы Г.С. Волконский таныстырған пікір // Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). – М. – Л.: Изд. Академии Наук СССР, 1940. – Т. 4. – С. 218-224. – 543 с.