Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 19
2. ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы Қазақ даласының ішкі саяси жағдайын ашыңыз.
3. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде жаңа шекаралық шептер (Жаңа Илек, Жаңатроицк): қазақтар мен казактардың қарым-қатынасы.
§ 2. Қазақстанда ресейлік әкімшіліксаяси жүйенің енгізілуі
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
ХІХ ғасырдың 20-жылдарына қарай Қазақстанда әлеуметтік-саяси қайта құруды жүргізуге барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бірінші кезекте Даладағы барлық билік институттарын терең реформалау үрдісі басталды. Солардың ішінде қазақ көшпенді қоғамын Ресей империясының құқықтық саласына тарту, аумақтық-әкімшілік басқарудың даму жүйесі мен салық салуды енгізу сияқты реформалар көзделді. Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік-аумақтық жүйені құру үрдісі арқылы Ресей билігі Далада өз жағдайын нығайтып, оңтүстік-шығысқа, Ұлы жүз бен Орта Азияға қарай жылжуда тірек базасын құруға тырысты. Кіші жүз бен Орта жүздің әлеуметтік-саяси құрылымына аумақтық-әкімшілік реформаларды енгізудің өзіндік ерекшеліктері болды және ол тек географиялық жағдайға ғана емес, аумақтық-әкімшілік қайта құруларды іске асыру бойынша нормативті-құқықтық актілерді жасайтын аймақтық әкімшіліктердің губернаторларының жеке тұлғаларына да байланысты болды.
Орта жүз. Бөкей (1817 ж.) мен Уәли хандардың (1819 ж.) өлімінен соң отарлаушы әкімшілік Орта жүзде жаңа хандарды сайлаудың қажеті жоқ деп тапты. 1822 жылы І Александрдың жарлығымен Орта жүзде хандық институт жойылып, оның орнына қазақ көшпенді қоғамын басқаруда жаңа әкімшілік-аумақтық ереже енгізілді. «Сібір қырғыздары туралы жарғының» негізін жасаған Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский болды.
Жарғыда Орта жүздің барлық аумағында, көшпенді қазақ халқы арасында орыс шекаралық органдармен тығыз байланысты және оған қарасты жергілікті билікті танытатын округтерді құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көшпенділердің рулық қатынастары мен ортақ қыстақтары, қоныстары ескеріле отырып, (10-12 ауыл) болыстар мен (60-70 киіз үй) ауылдардан тұратын округтер құрылды. Бұл маңызды шараларды іске асыру шекара шебінің далаға тереңдей енуіне, белгілі әкімшілік аймақтың шегінде көшпенді ұжымдарды ұстап қалуға және Қазақстанның Ресейге толықтай қосылуын тездететін тұрақты басқарудың ұйымдастырылуына жәрдемдесті.
Бұл ауқымды әрі қиын жоспар бірте-бірте жүзеге асырылды. Біріншіден, Орта жүзде жаңа ресейлік әкімшілік жүйені енгізуге байланысты дайындық жұмысы жүріп жатты. Жарлық татар19 тіліне аударылып, ең беделді деген адамдардың ауылдарына таратылды. Сібір қырғыздарының облысы екі округке бөлінді: сыртқы (Ертіс өзенінің арғы жағы) және ішкі округтер. Негізгі қазақ көштері сыртқы округтерге жатқызылды. Ресей билігі Орта жүз хандары Бөкей (1816-1819 ж.) және Уәли (1781-1821 ж.) иеліктері – Қарқаралы мен Көкшетау аймақтарына ерекше мән берді. Онда алғашқы округтерінің
19
Татар – ол «ескі түркі» тілі, қазақ даласымен дипломатиялық хат алысуда пайдаланылды және ХVIII-ХIХ ғасырларда сол аймақтың оқу орындарында оқытылды.