Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 23

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

қой тауар қүнының баламасы саналды. Қазақтар мен көрші азиялық халықтар арасындағы сауда айырбас сарайлары мен шекаралық шептердің кедендерінде, Ташкент, Бүхара, Хиуа, Қоқан, Чугучак, Қүлжа сынды Шығыстың ірі сауда-экономикалық орталықтарында іске асырылды. Үлкен көлемде тауарлар тікелей қазақ көштерінде айырбасталды. Қазақтар ортаазиялық саудагерлерден қағаз маталар, мыс пен қоладан жасалған әр түрлі ыдыстар, жемістер, кілемдер, қару (қылыш, мылтық, пышақтар, жебелер), тері бүйымдарын көптеп сатып алды. Орта Азиядан Қазақстанға әкелінетін тауарлардың ішінен нан мен күрішке сүраныс үлкен болды. Ортаазиялық саудагерлер Қазақстанға, ең алдымен, мал көзі ретінде қызықты. Сырдария маңындағы қазақтардың көбі Бүхараға жыл сайын 50-100 мың, Ташкентке 200 мыңдай және Қоқанға 100 мыңға жуық қой әкелетін-ді. Орта және Ұлы жүзден малдың басым бөлігі Қүлжа мен Чугучактағы қытай кедендеріне жеткізілді. Бұл жергілікті халықтың арасында тауарды алып сатушылар – алыпсатарлар деген әлеуметтік таптың шығуына алып келді.

      Олар келген саудагерлер мен тауарларды тұтынушы қазақ малшылары арасындағы делдал рөлін атқарды. Алыпсатарлардың сауда қызметі, әсіресе Бөкей хандығында белсенді жасалды, олардың кейбіреулері қомақты айналым қаражатына ие болды. Н.Г. Аполлова ХІХ ғасырдың алғашқы үштігінде орыс-қазақ сауда қарым-қатынастарын зерттей отырып, орыс өнеркәсібінің бұйымдарын өткізуге тиімді болған қазақ нарығының ерекше белгілерін бөліп көрсетеді. Өз зерттеуінде ол ХІХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдарының басында ресейлік үкіметтің мал шаруашылығы бұйымдарын, оның ішінде қой жүнін орыс өнеркәсібі үшін шикізат көзі ретінде пайдалануды қарастырады.

      Егіншіліктің дамуы. ХVIII ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың 30-жылдарындағы патшалық үкіметтің заңнамалық актілері мен өкімдері қазақтардың отырықшылыққа көшуін мадақтау саясатын іске асырғандығын дәлелдеді.

      Бұл орайда, Сыртқы істер коллегиясының 1759 жыл 11 ақпандағы Жайық өзенінің далалық бөлігінде қазақ малының қыстауы үшін аулаларды жасақтау мен алғашқы қысқа қазына есебінен мал азығына 20 мая шөп даярлау жарлығын; 1808 жыл 23 мамырдағы отырықшылыққа көшуге дайын тұрған қазақтарға жер беріп, оларды он жылға алым-салық пен қызметтен босатып және ақылы көмек беруді көздеген жарлығын; 1834 жыл 12 ақпандағы егіншілікпен айналыса бастайтын қазақтарды салықтан босату туралы жарлығын; 1835 жыл 3 шілдедегі қазақтарды егіншілікке баулу мақсатымен, далалық аймаққа алым-салықсыз әр түрлі астық наны мен егіншілікке қажетті құрал-жабдықтарды босату туралы жарлығын атап айту керек.

      ХІХ ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап жергілікті биліктің көшпенділерді (қазақтар мен башқұрттарды) отырықшылық пен егіншілікке аудару мәселесіне қатысты саясатында жаңа кезең басталады. Бұл орынборлық әкімшіліктің империяның болашақ отырықшы тұрғындары ретіндегі қазақтарға деген көзқарастарының өзгергендігінен байқалды. Алғашқыда, бұл саясатты (қазақтардың отырықшылыққа көшуін тежеу) орынборлық әскери губернатор

Скачать книгу