Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 25

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жолда азық-түліктің жетіспеушілігі мен отрядтың жартысының қаза болуы салдарынан Перовский 1840 жылы Хиуа экспедициясын тоқтатуға мәжбүр болды27.

      1853 жылы орынборлық губернатор В. Перовский 1839 жылғы Хиуа жорығы барысында жасалған барлық қателікті ескеріп, жаңа жорықты ұйымдастырды. Оның түпкі мақсаты Ақмешіт бекінісін алу болды. Перовский отрядында 12 құралмен қаруланған 2170 адам болды. 2 шілдеде Ақмешіт орыс әскерлерімен қоршалып, жақын арада құлады. Оның орнында Перовский өзінің атымен «Перовский форты» деп аталған бекіністің негізін қалап, Сырдария бекініс шебінің қалыптасуын аяқтады.

      Бөкей хандығы: құрылу және басқарылу ерекшеліктері. Бөкей хандығы (Ішкі орда): құрылуы және мәселенің тарихнамасы. 1801 жылдың 11 наурызында І Павел Кіші жүздің Хан кеңесінде төрағалық еткен Бөкей сұлтанына «Орал және Еділ өзендері аралығындағы далаларда» көшіпқонуына рұқсат берген. 1801 жылы желтоқсанның соңында Орал мен Еділ өзендері аралығына қол астындағы 183 түтін үй немесе 740 адаммен Бөкей сұлтанның өзі қоныстанған. 1802 жылға қарай Астрахань казак әскерінің командирі П.С. Попов мәліметтері бойынша, Бөкей сұлтанның қол астында 8331 адам көшіп-қонып жүрді. Осыдан бастап Астрахань далаларын Кіші жүз рулары мекендей бастаған, мұны негізінен, байұлы (беріш, шеркеш, алаша, байбақты, тана, жаппас, ыссық, қызылқұрт, таз, масқар, есентемір), жетіру (тама, кердері, табын) және әлімұлы руының кете рулары құрады.

      Тарих ғылымында қазақ руларының қоныстануы мен Ішкі орда немесе Бөкей хандығының (алғашқы ханы Бөкей есімімен аталған) құрылу себептері туралы ортақ пікір әлі қалыптаспаған. Революцияға дейінгі авторлардың едәуір бөлігі Ішкі орданың қалыптасуын Бөкейдің жеке тұлғасымен және ХVIII ғасырдың соңында Арқадағы әлеуметтік-саяси жағдаймен байланыстырады. А. Евреиновтың пікірінше, қазақтардың Оралдың оң жағына көшуінің себебін сұлтан Бөкейдің «толық тыныштықты тек орыс мемлекетінің қамқорлығы астында болатындығынан» іздесе, Т. Медведский сұлтан Бөкей «қандай да бір тәсіл арқылы хандық атаққа қол жеткізуге» тырысты деп санады. Л. Мейер Бөкей хандығының пайда болуын Кіші жүздегі әлеуметтік-саяси оқиғалармен байланыстырды (С. Датұлының 1783-1979 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы, жайылымдар үшін руаралық күрестің күшеюі, халықтың кедейленуі және т.б).

      Ішкі орданыңпайдаболуының себептерінтүсіндірудекеңестікзерттеушілердің арасында да ортақ пікір жоқ. А. Рязановтың тұжырымдауынша, Ішкі орданың пайда болуы – байұлы мен жетіру ұрпақтарының арасындағы көп жылдарға созылған күрестің нәтижесі, нақты айтқанда, «байұлы қазақтарының бір бөлігінің жетірулықтармен ығыстырылуы салдарынан сұлтан Бөкеймен ішкі жаққа қоныс аударып, сонда Бөкей ордасын құрған». ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап кеңестік тарихнамада адамзат қоғамы және таптық күрес идеологиясын таптық көзқарас тұрғысынан зерттеуде қазақ халқының феодалдық езгіге, бодандыққа қарсы күресіне, соның ішінде сұлтан Қайыпғали Ишимовтың наразылық қозғалысы мен Ішкі ордадағы Исатай Тайманов пен

Скачать книгу


<p>27</p>

Гиршфельд К-н. Военно-статистическое описание Хивинского оазиса // История Средней Азии: сборник исторических произведений / сост.: А.И. Булдаков, С.А. Шумов, А.Р. Андреев. – М., 2003. – С. 111-113.