Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 29

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

атауы берілсе, 1957 жылы қалаға бұрынғы атауы – Орынбор қайтарылды.

      1824 жылы Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуынан кейін Қаратай сұлтан31 орданың батыс бөлігінде билеуші сұлтан болып тағайындалды. Ол Жоламан Тіленшіұлының бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты.

      Ж. Тіленшіұлының басқаруымен қазақтардың патша отаршыларына қарсы қозғалысының басталуына себеп патша үкіметінің өктемдік саясаты нәтижесінде табын руының қазақтарына жайылым мен су қоры болған Жаңа Елек ауданын тартып алу еді. Жоламан батыр мен оның жақтастарының патша әкімшілігі үндеуіне қатысты өткір айтылатын басқа да себептері бар: Елек өзені бойында 22 бекіністің салынуы нәтижесінде қазақтар Елек өзенінің ішкі жағалауынан айырылды; Нарын құмын орыстар мен башқұрттар иемденді; Шерғазы32 жағынан әділетсіздік пен басынушылық басым болды және т.б.

      Көтеріліске қатысушылар алдына басты екі міндет қойды: қазақтарға тартып алған жерлерді қайтару және Арынғазы33 ханды босату. Ескеретін мәселе, Жоламан батырмен бірге Сырымның ұлы – Жүсіп көтеріліске қатысты. Шерғазы ханға орыс бекініс шебін паналауға тура келді.

      Жоламан батырдың әскері шекара заставасына, билеуші сұлтандардың қоныстарына қарсы қозғалыс бастады. Ж. Тіленшіұлының ізінен бірнеше рет жазалаушы әскер жасақталды. 1835 жылы Жоламан батыр бастаған көтеріліс кең өріс алды. Бұл уақытта көтеріліске қатысуға қазақтардан Орск пен Троицск аралығында жаңа шептің салынуына орай 10 000 шаршы шақырым жерден айырылған жағалбайлы, жаппас, алшы, арғын, қыпшақ рулары стихиялы түрде бас көтерді.

      Ж. Тіленшіұлы кейін Саржан Қасымұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерілісіне қосылды. Кенесары Қасымұлы басқарған Орта жүз қазақтары көтерілісі басталған кезде Жоламан батыр көмек көрсетуге асықты. Е. Бекмахановтың пікірінше, ол Кіші жүз қазақтарының белгілі бір бөлігіндегі көтерілісшілерді біріктіруші болды. Өзінің уәкілдері арқылы шекаралық шепке жақын көшіп жүрген қазақтарды Кенесары қозғалысына қосылуға шақырды.

      Жер үшін күрес, тартып алынған жайылымдар Ж. Тіленшіұлы қозғалысына түрткі болды. Е. Бекмахановтың көзқарасы бойынша, мұндай күрес Орта жүздегі Саржан Қасымұлы қозғалысының басталуына себепші, алайда Саржан көтерілісінде Жоламан батырдың қозғалысына жат, әсіресе Абылай хан ұрпақтары, сұлтандары билеген Қазақ хандығының қайта құруға бағытталған саяси себептер орын алды.

      1836-1838 жылдардағы Бөкей хандығы қазақтарының қозғалысы. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. 1801 жылы Еділ мен Жайық өзені арасындағы жерлерге Бөкей хан басқарған 5 мың қазақ шаруаларының қоныстануы негізінде Ішкі (Бөкей) орда қалыптасты. 30-жылдың соңында орда халқын 20 мың шаруа мен 80 мың адам құрады. Жер мен жайылымдар тең дәрежеде бөлінбеді. Аз уақыт ішінде 273 мың десятина жер қазақ феодалдарына және орыстың Юсупов пен Безбородко секілді ірі жер иеленушілеріне

Скачать книгу


<p>31</p>

Қаратай – Кіші жүз сұлтаны, Нұралы ханның екінші ұлы. 1797 жылы Есім ханның өлімінен кейін Әбілқайыр жағындағы сұлтандар оның айналасына жиналды. Орынбор әкімшілігінен петиция ретінде Кіші жүздегі Қаратай сұлтанның орнын беруді сұрады. Алайда Орынборда Айшуаққа хан орны дайындалды. 1797 жылы Айшуақтың хан сайлануына наразы болған Қаратай сол кезден бастап хандық билік үшін күрес жүргізді (1797-1814). 1824 жылы Кіші жүздегі хандық билікті жойғаннан кейін Қаратай Орданың батысына билеуші-сұлтан қызметіне тағайындалады. 20-жылы Жоламан Тіленшіүлының ұлтазаттық қозғалысын басуға қатысады (1819-1825). 1826 жылы қайтыс болды.

<p>32</p>

Шерғазы хан (29.08.1845) – Кіші жүздің соңғы ханы (1812-1824), Айшуақтың кіші ұлы. 1809-1812 ж. Кіші жүздегі билігі шектеулі хан кеңесін басқарды. Бірақ 1812 жылы патша үкіметі Жантөре ханның кіші інісі Шерғазыны Кіші жүздің ханы етіп тағайындайды.

<p>33</p>

Арынгазы (1783-1833) – Кіші жүздің соңғы ханы (1816-1821), Батыр сұлтанның шөбересі, хиуалық Қайып ханның немересі, Әбілғазы сұлтанның ұлы. 1816 жылы сәуірде Орта жүздің белгілі тұлғаларын біріктіріп, мықты Қазақ хандығын құруды мақсат етті. Бұхар әмірі оны хан лауазымына лайықтығын мойындап, сонымен бірге Орынбор губернаторы П.К. Эссеннің қолдауы да көрсетіліп отырды. 1821 жылы Петербургке патша үкіметі шақырады, алайда жолда ұсталып, Калугаға жіберіледі. 1833 жылы сол жерде қаза болады. Бұл Мәскеуде қабылданған билік басындағылардың ықпалды ханның көзін құртып, хандық билікті жою мақсатында жүргізген іс-шарасы еді.