Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 28

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жылдың 24 қаңтарына дейін жалғасты. Кеңес төрағасы болып орыс шенеунігі, полковник К.И. Герн тағайындалды (1859-1862 ж.). Кеңес құрамына төрағадан басқа екі орыс кеңесшісі, қазақтардан екі кеңесші кірді. 1860 жылдан 1862 жылға дейін Бөкей ордасын басқару бойынша Уақытша кеңес әкімшілік бөлу мен орналастыру бойынша ісшараларды ұйымдастырумен болды. 1860 жылы Ішкі орда аумағы жеті әкімшілік бөлікке бөлінді, олардың әрқайсысы ағалыққа бөлінді: Қалмақ, Торғын, Таловск, Қамыс-Самарск, Нарын, 1-інші және 2-інші Теңіз жағалауы округтері. Әрбір бөлімнің басында билеушісі мен оның көмекшісі тұрды, оларды әскери губернатор тағайындаған.

      Сонымен, ХІХ ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай аймақтық әкімшілік Ішкі ордада оны Ресей империясының ортақ басқару жүйесіне енгізу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізіп жатты.

      1878 жылы 16 шілдеде Бөкей ордасы басында Орынбор әскери губернаторына, одан кейін Орынбор генерал-губернаторына қараған тәртіп негізінде енді астраханьдық губернаторға бағынатын болды. Астрахань губерниясының құрамында Бөкей ордасы жоғарыда аталған әкімшілік бөліністері мен төменгі басқару желісімен Қазан революциясына дейін сақталды.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Ресей саясатының ортаазиялық аймақта күшеюінің себептерін түсіндіріңіз.

      2. Ресейдің Бұхара және Хиуа хандықтарына жіберілген дипломатиялық миссиялары туралы мәлімет беріңіз.

      3. Орынбор өлкесінің әскери губернаторы В.А. Перовскийдің қызметіне баға беріңіз.

      4. Ішкі орданың құрылуы: себептері, геосаяси орналасуы.

      5. Ішкі орданың құрылуына байланысты пікірлерді ашып көрсетіңіз.

      6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі орданың социо-мәдени дамуындағы Жәңгір ханның рөлін көрсетіңіз.

      § 5. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысы

      Жоламан Тіленшіұлы бастаған қазақ халқының көтерілісі. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Кіші жүздегі қоғамдық-саяси жағдайдың күрделенуі, патшалық Ресейдің жаулап алу саясатын жеделдетіп, қазақ қоғамында өзгерістер енгізуде ортаазиялық хандықтардың басқыншылық саясатының негізінде түсіндіріледі. Бұл кезеңдегі халық наразылығы жергілікті толқуларға ұласып, ірі көтеріліс ошағына айналды.

      Осы кезде патшалық отарлаушылардың өмір сүріп отырған жерінен ығыстырылған Жаңа Елек мекеніндегі табын руының қазақтары Жоламан Тіленшіұлы бастауымен, қолдарына қару алып, көтеріліске шықты. Көтерілістің ерекше кең өріс алған кезеңінде 1835 жылы шекаралық күзет орны мен бекіністердің күйреуі, хандар мен сұлтандардың тонаушылық әрекеттері шешуші шаралар қолдануға мәжбүрледі. Бірақ қанаушы әскерлермен болған қақтығыстардың салдарынан Жоламан Тіленшіұлы туған мекенінен кетіп, үш жүзді қамтыған Кенесары Қасымұлы бастаған ірі көтеріліске қосылады.

      Жоламан Тіленшіұлы – қазақ батыры, XIX ғасырдың 20-30 жылдары

Скачать книгу