Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 27
![Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов](/cover_pre235564.jpg)
1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада қазақ балалары үшін мектеп ашылды, онда «Мұхаммедтің діни ілімін оқудан басқа басты пәндер санатында міндетті түрде орыс тілі, арифметика, география, тарих және басқа да ғылымдар болды». 1841 жылы мектепте 30-40 бос орында 12 ұл бала оқыды, ал 50-жылдары 30 адам оқыды. Оның шақыртуымен мектептің меңгерушісі және бірінші мұғалімі Константин Ольдекоп болды. 1841 жылғы 6 желтоқсандағы № 1848 нұсқаулығында Жәңгір былай деп жазды: «… Сізге оқушылардың жүріс-тұрысы мен әр қылықтарына қадағалау орнатуыңызды, олардың міндеттерді орындатқызуда орыс оқу мекемелерінде орын алатын іс-шараларды қолдануға рұқсат етіп тапсырамын…»28. Жәңгір хан құрған мектеп қазақ интеллигенциясының алғашқы шоғырының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Көбінесе осы мектеп түлектерінің Орынбор кадет корпусына түсуге мүмкіндіктері болды және Островскийдің пікірі бойынша: «Білімді және өте пайдалы шенеуніктер мен азаматтар тобын» құрады. Сонымен, 1825-1866 ж. Орынбор кадет корпусын 37 қазақ оқып бітірді, соның ішінде қазақ балаларының басым көпшілігі Ішкі ордадан болды (14 адам).
Ең бір жарқын түлектердің бірі Мұхаммед-Салық Бабажанов болды (1832-1898 ж.). Ол Ықтиярлы орыс экономикалық қоғамының мүшесі, ОГҚның мүше-қызметкері болды, осы қоғамдардың «Известия», «Жазбалар», «Этнографиялық» жинақтарында бірқатар ғылыми еңбектерін жариялады. М. – С. Бабажанов «Этнография бөлімі» еңбектеріне бастапқы қолғабыс және қырғыздардың тұрмысы мен түрлі этнографиялық құралдар жайлы мақалаларды жеткізгендігі» үшін ОГҚ күміс медалімен марапатталған алғашқы қазақ зерттеушісі болды.
Жәңгір хан Ішкі ордадағы қазақ ер балаларының тек орынборлық кадет корпусында ғана емес, сол секілді жоғары оқу орындарына түсуге құқық беретін губерниялық гимназияларда оқуларына мүдделі болды. Жәңгір хан мен аймақтық әкімшілік арасында Астрахань гимназиясына, Қазан университеті жанындағы 1-інші Қазан гимназиясына қазақ ұл балаларын орналастыру туралы хат алмасулары сақталған. Жәңгір хан өзі Қазан университетіне барған кітапхана қорымен танысып, университеттің ғалымдарымен шығармашылық ынтымақтастықты дамытты. Нәтижесінде 1844 жылы 29 мамырда Қазан университетінің ғылым кеңесі Жәңгір ханды университеттің материалдық базасының дамуына сіңірген еңбегі үшін құрметті мүшесі ретінде қабылдайды. Штаттағы профессор Карл Фукс атап өткендей: «…1844-1845 жылдары ішкі Қырғыз ордасының ханы Жәңгір Бөкейге 598 күміс сомға бағаланатын
28
Евреинов А. Внутренняя или Букеевская, киргиз-казачья Орда // Журнал для чтения воспитанникам военно-учебных заведений. – 1852. – № 379. – С. 338-370.