Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 21

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

туралы Жарғының мазмұнын ашыңыз: әкімшілік пен сот істеріндегі өзгерістер.

      2. Орта жүздегі сыртқы округтердің құрылу механизмі мен округтік бұйрықтардың қызметін талдаңыз.

      3. «Азия істері комитетінің Орынбор өлкесін басқаруды жаңартуға қатысты бекітілген пікірі» атты құжаттың ерекшелігін түсіндіріңіз.

      4. Орынбор басқармасының қазақтарды басқару жүйесіндегі дистанциялық және жергілікті басшылар рөлін айқындаңыз.

      § 3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

      ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көшпенді қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуы мен әлеуметтік құрылымы көшпенділердің мәдени-шаруашылығын, іс-әрекет түрін, материалдық өндіріс жүйесін, қазақ халқының тұрмыс-салты мен тарихын түсіндіруде маңызды рөл атқарады. Бұл тақырыпты зерттеудің маңызы зор. Бір жағынан, мәселеге қатысты зерттеулер ұзақ уақыт бойы қатаң идеологиялық бақылау жағдайында іске асқан, екінші жағынан, көшпенді қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын зерттеген көптеген авторлар оны шығу тегімен (сұлтан, бай, би, шаруа және т.б.) байланыстыра қарастырып, XVII ғасырдағы қазақ қоғамына талдау жасалмаған.

      Қазақстандық тарихнамада аталған мәселені Н.Э. Масанов пен Ж.Б. Абылхожин жаңа концептуалдық тұрғыдан, нақты айтсақ, қоғамның құрылымын өндірістік-экономикалық сала негізінде зерттеген.

      Қоғамның басты өзегі – қауым, яғни өндірістік негізде көшпенділердің бірігуі. Мал шаруашылығы саласындағы өндірістік үрдістің барлық элементтері – малдың жайылымы, жем, су ресурстары, тіршілік ортаны пайдалану және тағы басқалар қауымның ауқымында жүзеге асырылды. Өндіріс үдерісіне қауым мүшелері қалай және қаншалықты дәрежеде қатысты болмақ?

      Өндіріс үдерісіне қауым мүшелерінің қатысуы, ең алдымен, өндіріс құралдарына – мал және малмен қамтамасыз етілу факторына тәуелді болды. Шағын қауым жем ресурстарын тиімді қамтамасыз етуі мақсатында қыс пен көктемнің бас кезінде малдың жайылымын ұйымдастыру үшін көшпенділердің еңбек күштерін біріктірумен сипатталады. Сонымен қатар меншік түрлері де пайда болды. Әлеуметтік қатынастарда қыстау, күзеу, көктемнің басындағы мал жайылымдары жерлеріне қауымдық меншік және меншіктің басты түрі саналған малға жекеменшік маңызды орын алды. Жылы маусым кезінде малды су көзімен тиімді қамтамасыз ету үшін біріккен өндірістік қызмет нәтижесінде суға қауымдық меншік пайда болды. Қауым мүшелерінің саны жем, су ресурстары, мал басы санына байланысты реттеліп отырды. Мәселен, шағын қауым қыс мезгілінде малдың жайылымын ұйымдастыру, малды сақтау және оны қайта өндіру мақсатымен құрылды. Осыған байланысты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ресейлік әкімшіліктің Дала аймағындағы әлеуметтік-саяси қайта құрулары көшпенді қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгеріс енгізді деп тұжырымдауға болады.

      ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патшалықтың Қазақстанның интеграциясына бағытталған стратегиялық

Скачать книгу