Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 16

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

тегеурініне шыдамаған Нұралы хан Ресейден қорған іздеді. ІІ Екатерина шешімімен биліктен аластатылып, саяси қуғындалушы ретінде Уфаға жер аударылған Нұралы 1790 жылы сол жерде қайтыс болды. 1791 жылы Ералы Кіші жүзге хан болып сайланды.

      Қазақ даласында болып жатқан жағдайды патша әкімшілігі өз пайдасына пайдалануды көздеп, хандық билікті жойды. 1786 жылы «Игельстром реформасы» аталған Кіші жүзді басқару жобасы мақұлданып, бекітілді. Саяси билік Орынбор әкімшілігінің қолына шоғырландырылды, шекаралық сот үлкен құзыретке ие болды. Сонымен қатар керуен сарай мен бірнеше қала тұрғызу ұйғарылды. Дәстүрлі қоғамдық-саяси ұйымдарды түбегейлі өзгерту Қазақстанды бейбіт жолмен отарлауға бағындыруды көздеді. Реформаның мақсаты Кіші жүздегі хандық билікті жою болып табылды.

      Ірі старшындар мен билер басым бөлігі хандық билікті сақтауды қолдай отырып, реформаның жүргізілуіне қарсы болды. Жаңа басқару аппараты өміршең болмады, расправа (жаза, жәбір) бірде-бір рет жиналмады. Шындығында, билік старшындардың қолында болды. Нұралы ханның інісі Ералы сұлтан басқарған хандық билікті қалпына келтіру әрекеті басталды. Оны Орта жүзден Уәли хан, Абылайдың ұрпақтары – сұлтандар қолдады. 1786 жылы тамызда Ералы және оның маңындағылар жүзде орын алған бақытсыздықтың басты кінәлілері деп есептеп, Сырым мен оның серіктестерін ұстады. Сондай-ақ Ералы Сырымды Нұралы ханға айырбастауды да ойластырды. Барон Игельстром өз реформасының тірегі болады деп есептеп, Сырымды тұтқыннан босатуды жақтады. 1786 жылы көктемде Сырым тұтқыннан босатылды.

      Осы жылдың қыркүйек айында шекаралық сотты құруға келісілген старшындар съезі шақырылды. Сот 1786 жылы ашылып, Сырым тархан лауазымына ие болды, патша әкімшілігі тарапынан биліктен шеттетіліп, қолында толықтай билігі жоқ Сырым серіктестерімен бірге өз билігін жергілікті жерлерде нығайтуға тырысты. Өзінің дербес саясатын жүргізе отырып, ол Орынбор әкімшілігімен арақатынасын алшақтатып алды әрі реформаны орындамау көтерілістің жалғасы екендігін түсінді.

      Патша үкіметі реформаның еш нәтиже бермегенін көре отырып, хандық билік пен бұрынғы басқару жүйесін қайта қалпына келтіруді ұйғарды. Алғаш рет О. Игельстром 1792 жылы жұмыстан босатылып, орнына 17921794 жылдар аралығында жаңа губернатор А.А. Пеутлинг тағайындалды. Ол отарлау саясатын одан әрі күшейте түсті, қазақ даласына көтерілісшілерді жазалау үшін үнемі жазалаушы отрядтарын жіберіп отырды.

      Жаңа губернатордың басшылығы кезінде хандық билік қалпына келтіріліп, Ералы сұлтан хан сайланды. Сырым бұл жағдайға өз қарсылығын білдіріп, көтерілісшілерді шекаралық шептерге шоғырландырды. Көтерілістің жаңа кезеңі басталады, Сырым патша үкіметінің тікелей қарулы күшіне қарсы тұрып, Ресейге соғыс жариялады. Жергілікті әкімшілік қозғалысқа қатысы барын анықтап алмай қазақ ауылдарын шабуылдауға көшті, осыдан кейін 5000 түтін Оралдан көшіп кетті. Патша әскерімен бірге көтерілісті басуға Сырымның қарсыластары сұлтандар да атсалысты.

Скачать книгу