Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 31

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

әлеуметтік және саяси кешенді міндеттерді шешу қиын болды. Басты таңдау – ол ел азаматтарына экономикалық еркіндік беру. Ел үшін барынша үтымды шарттар негізінде әлемдік экономикаға бет бүру, адамдарды лайықты жүмыспен қамтамасыз етіп, мүқтажсыз өмір сүруіне жалақы төлеу, білім алу, денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау, балалар мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету көзделді. Осы және басқа да шешімдер жас мемлекеттің егемендік алып, аяғына нық түрып, дамуын қамтамасыз етті. Алайда күтпеген жағдайлар, қателіктер көп болып шықты. Әлемдік тәжірибенің мол болуына қарамастан Қазақстан өзіндік тарихи дамуына, әлеуметтік-экономикалық, этномәдени және басқа да ерекшеліктеріне қарай, өзіне қолайлы болатын экономикалық жолға бағыт алды.

      Нарықтық өзгерістердің бастапқы кезеңі ретінде шартты түрде 1992 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықты белгілеуге болады. Өтпелі кезеңде бұрыннан бері жинақталған экономикалық мәселелер шиеленісе түсті. Қазақстандық экономика жүйелі дағдарыс жағдайында реформалана бастады.

      Классикалық нұсқада нарық үш басты элементтің болуын болжайды: капитал нарығы, өндіріс құрал-жабдығының нарығы, жұмыс күшінің нарығы. Бірақ нарық қызмет жасау үшін нарықтық қатынастар субъектілеріне сәйкес жағдай жасалуы қажет. Бұл күрделі мәселелердің бірі болып табылады, себебі бұрыннан келе жатқан қатынастар қойылған міндеттерді шешуге бағытталмаған. Сондықтан да экономикалық бостандықты жария ету ғана емес, оны жүзеге асыру үшін практикалық жағдайлар, еркін кәсіпкер, бизнесмен, жекеменшік иелерін қалыптастыру қажет болды.

      Үкімет қызметі бірінші кезекте экономиканы ырықтандыруға, нарықтық қатынастардың заң шығару және институционалды базасын құруға, нарықты тұтыну тауарларымен толтыруға бағытталды.

      «Есеңгіретіп емдеу» жолы бойынша экономиканы ырықтандыру үшін КСРО-ның күйреуінен кейін Ресейдің соңынан еру Қазақстан үшін, шын мәнінде, жалғыз дұрыс бағыт болды. Ресей Федерациясы 1992 жылдың қаңтар айында бағаны ырықтандыру туралы реформасын жариялады. Бағаның шектен шығуы реформаға үлкен зиянын тигізіп, өндірістің бұрын-соңды болмаған құлдырауына, терең экономикалық дағдарыстың тууына негізгі себептердің бірі болды, халықтың кедейленуін жеделдетті.

      Үкіметтің экономиканы ырықтандыру кезеңіндегі негізгі әрекеттері төменде көрсетілген салаларда жедел шешімдер қабылдауына әкелді:

      – көпшілік өнімдер мен қызмет көрсету түрлері бойынша бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою, еркін баға белілеуді орнықтыру;

      – жоспарлау-үлестірушілік атқарымына ие болған мемлекеттік құрылымдарды (мемлекеттік жоспарлау, мемлекетік жабдықтау, мемлекеттік құрылыс) жою, шаруашылықпен айналысқан субъектілердің жұмысына мемлекеттің араласуын шектеу;

      – көптеген тауарлардың жеткізілуіне қойылған бөгеттерді шешу (лимиттер, квоталар);

      – банк жүйесін және кедендік қызметті ұйымдастыру;

      – нарықтың

Скачать книгу