Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 27

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзыреті едәуір кеңейтілді. Президенттің құзыреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауапкершілікті парламентпен бөлісті. Президент үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып-кеңесуден кейін әрі мәжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни президент үкіметті жасақтауды мәжіліспен келісіп шешеді. Енді премьер-министрді бекітуде, демек, бүкіл үкіметті де бекітуде басты рөл мәжіліске беріледі.

      Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәселен, мәжілісте енді 107 депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға әрі депутаттардың сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында парламент үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады. Мәжілістің үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес үкіметтің мемлекет басшысының алдында ғана емес, парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.

      Сонымен бірге қазір конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау және оларды қызметтен босату жөнінде президентке келісім береді. Сенат құрамы республика президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда сенат бүкіл парламент үшін жұмыс істей береді.

      Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа деңгейге көтеріледі. Мәслихаттардың бұл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі. Жергілікті мәслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады. Мәслихаттар жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде

Скачать книгу