Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 23

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

тәуелсіздігін жария етті.

      Он екінші сайланған Жоғарғы кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы конституциясын қабылдады.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясында бұрынғыша Жоғарғы кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай, баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Жоғарғы кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы кеңеске үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келді.

      Он екінші сайланған Жоғарғы кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен, Алматы қаласының Алатау аудандық кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі 11-сессиясыньщ жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін «Сайлау туралы кодекс», «Республика президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы» заң және «Жоғарғы кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» заң қабылдады. Республиканың жоғарғы өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.

      1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық бірлігі одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен, кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.

      1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы кеңес депутаттар тұрақты

Скачать книгу