Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 18
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Венгрия және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін 18 мемлекет таныды. 1992 жылдың аяғында елдің тәуелсіздігін 108 мемлекет танып, олардың 70-імен дипломатиялық қатынастар орнатылады. Алматыда 19 елдің дипломатиялық өкілдігі ашылды. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісімшарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар – елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңызы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу – қазақстандық әрбір азаматтың ең қымбатты борышы. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, ту, әнұран – әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым – Қазақстан тарихында