Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 16

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

мемлекет басшысының сыртқы әлеммен байланысын үзіп, төңкеріс басшылары оның денсаулық жағдайына орай бұдан былай елді басқара алмайтыны туралы ақпарат таратып, елде төтенше жағдай енгізілетіні, Коммунистік партиядан басқа партиялардың бәрі таратылатыны, «Правда», «Труд» тағы бірнеше газеттерден басқа басылымдардың бәрі жабылатыны жөнінде бұйрық жариялады. Бұл аз ғана уақыт болса да еркіндік, бостандықтың дәмін татып үлгерген миллиондаған адамдардың ұнжырғасын түсірді43.

      «Тамыз бүлігіне» қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде «тамыз бүлігінің» көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ бәрі кеш еді. Жаңа Одақ туралы шарт сөз болудан қалып, КСРО-ның іргесі сөгіліп сала берді. Небары бір апта аралығында Украина (24 тамыз), Беларусия (27 тамыз), Молдова (27 тамыз), Өзбекстан (29 тамыз), Әзірбайжан (30 тамыз), Қырғызстан (31 тамыз) өз тәуелсіздігін жариялады. Оған дейін Балтық бойы елдері мен Грузия және Ресей (12 маусым) өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Тәуелсіздік шеруін бұдан әрі Тәжікстан (9 қыркүйек), Армения (24 қыркүйек), Түрікменстан (27 қазан) жалғастырды44.

      1991 ж. 8 желтоқсанда Беларусь, РКФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік үдеріс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, – деп атап көрсетілді45.

      Алайда бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда

Скачать книгу


<p>43</p>

Әлем іш тартқан үш күн // Түркістан. – 2011. – 25 тамыз.

<p>44</p>

Сайлан Б.С. Кабул қалай алынды // Қазақ тарихы. – 2000.№ 3. – 43-б.

<p>45</p>

Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан. – Алматы: Нұрпресс, 2011. – 324-б.