Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 12

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

бастап кіреді. Ол тірі қалған жауынгерлер мен жараланғандарды және өлгендерді соғыс алаңынан алып шығуға барын салып, екі экипаж мүшелері мен десантшыларды, барлығы 46 адамды оқ пен оттан аман алып шығады29.

      1988 ж. 29 шілдеде осы жанқиярлық ерлігі мен әскери тапсырманы батыл орындағаны үшін Қ.С. Майдановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді30. Есіл ер 2000 жылдың 29 қаңтарында РФ-ның әскери құрамында Шешенстандағы соғыста қаза тапты. Ресей армиясында танытқан өжеттілігі үшін Қ. Майдановқа Ресей Батыры атағы берілді.

      Ауған соғысында «Қара майор» атымен аңызға айналған қазақ жігіті, мұсылмандық батальон командирі – Борис Керімбаев.

      Керимбаев Борис Төкенұлы

      1966-1970 жылдары Ташкенттегі әскери училищеде оқыды, 19701975 жылдары Кеңес әскерінің Германиядағы бөлімінде қызмет етті, 1975 ж. Орта Азия әскери округіндегі барлаушылар ротасының командирі. 1977 ж.

      Теміртау қаласындағы мотоатқыштар батальонының командирі, 1981-1983 жылдары айрықша мақсаттағы отряд командирі болып Ауған соғысына қатысты. Ауғанстан териториясында өжет офицер ретінде «Қара майор» аты шығып, Б. Керимбаев басы үшін моджахедтер көлемді сыйақы тағайындады. Соғыстан кейін КСРО ҚК әр түрлі бөлімінде қолбасшылық қызметтер атқарды. Қызыл ту және т.б. наградалардың иегері. Бүгінгі таңда отставкадағы полковник.

      Керімбаев Борис Төкенұлы Ауған соғысына айрықша мақсаттағы отрядты басқарып барған. Арнайы отрядтың өзіндік ерекшелігі, оның құрамының басым көпшілігі мұсылман жігіттерінен жасақталды. Б. Керімбаев басшылығындағы мұсылман жігіттерінен жасақталған айрықша мақсаттағы бұл отряд екі жыл ішінде Ауғанстандағы Ахмад шах Масуд қожалық еткен әйгілі Паншер провинциясында сан қилы соғыс операцияларына қатысты. Ауғанстанда абыройы асқақтап тұрған дала қолбасшысы А. Масудпен келіссөз жасасқан да осы – Б. Керімбаев.

      Тұтастай алғанда, КСРО-дан 620 мың, оның ішінде Қазақстаннан 22 мың адам Ауғанстан территориясында әскери қызметтен өтті.

      Ауған соғысында 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті. Сондай-ақ марапатталғандардың 2265-і қазақ, 635-і қырғыз, 6050-і өзбек, 855-і түрікмен, 2710-ы тәжік, 102547-сі орыс, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. 86 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 103 әскери қызметші Ленин орденімен, 1972 әскери қызметші Қызыл ту орденімен марапатталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан болды. Батырлар арасында бір ғана қазақ бар, ол – Қайыргелді Майданов. Қазір Қазақстанда бір ғана батыр тұрады, ол – Николай Кремениш31.

      Кеңес Одағы тұсында қазақ жауынгерлеріне Батыр атағын алу тұрмақ, жай ордендерді алу мен немесе оған қол жеткізу Кремль көсемдерінің шешімінсіз мүмкін болмады. Әміршіл-әкімшіл жүйенің бұл әрекеті талай қазақ жауынгерлеріміздің омырауын бос қалдырды. Марапатқа ұсынылған қазақ жауынгерлері Кремль сүзгісінен өте алмады, ал

Скачать книгу


<p>29</p>

Алпартегі Ж. Кеңес Одағының соңғы батыры немесе «аспан королі» атанған қазақ // Айқын. – 2010. – 11 наурыз.

<p>30</p>

Указ о присвоении звания Героя Советского Союза капитану Майданову Н.С. // Правда. – 1988. – 30 июля.

<p>31</p>

Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 ж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 186-б.