Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 13

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

депоға қойылған33.

      2000 ж. Елордамыз Астана қаласында Ауған соғысында құрбан болған боздақтарға арналған «Мемориаль ескерткіш» ашылды. Кейіннен мұндай «Ескерткіштер» ҚР бойынша әрбір қалалар мен облыс орталықтарында бой көтерді.

      Кеңес Одағы ыдырап, республикамыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақстандық жауынгерлердің Ауған соғысына қатысуы мен олардың шығыны, тарихи тағылымы жайлы еңбектер жарық көре бастады. Ауған соғысы туралы зерттеу жұмыстары қолға алынып, қазақстандық жауынгерлер жайында мемуарлар мен естеліктер жазыла бастады. Соғыстың аяқталғанына 10,15, 20 және 25 жыл толуына орай ғылыми конференциялар мен кездесулер ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлері қолдарымен жазылған еңбектер мен түрлі кездесулер келешек ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде құндылықтарын көрсетіп жүр.

      Патриоттық парад Ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толуына орай қаруластар бас қосқан кездесу

      Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы

      Жалпы, Ауған соғысы КСРОның ғана емес, Ауған елінің де тұрмыс-тіршілігін құлдыратып, айтарлықтай зиянын тигізді. Ауыл шаруашылығы 2,8 миллиард долларға, өнеркәсіп 274 миллион долларға, энергетика 350 миллион долларға, коммуникация 6 миллиард долларға, қалалар мен ауылдардағы өмір сүру қоры 3,4 миллиард долларға, мектептер мен ауруханалар 252 миллион долларға зиян шекті. Соғыс салдарынан миллионнан астам ауғандықтар қаза тапты, елден 6 миллионға тарта адам ел ішіндегі босқындарға айналды. Елдің тарихи және мәдени байлықтарына да орасан зор шығын келді. Соғыс салдарынан Ауғанстан жалпы 20 миллиард доллар шығынға батты34.

      Қорыта айтқанда, Ауған соғысы саясат биігінде отырғандардың шешімімен басталды. Мұндай халықаралық саяси шешімді қабылдаған КСРО жетекшілері Ауған соғысының аяғына дейін өмір сүрмеді. Олар Ауғанстанға әскер енгізу мәселесінің қалай шешілгені туралы құпияларды өздерімен бірге ала кетті. Бұл соғыс КСРО-ның халықаралық позициясын әлсіретіп, әлемдік аренада оның беделін төмендетті. КСРО-ға бұл соғысты 1989 жылы тастап шығуға тура келді. Осылайша, өткен ғасырдың еншісінде қалған Ауған соғысы тарихта қалды.

      Бақылау сұрақтары:

      1. 1979-1989 жылдары Ауған соғысының саяси қателігін анықтаңыз.

      2. Ауған соғысының Қазақстанға әкелген шығыны мен зардабы.

      § 4. КСРОның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы

      КСРО-дағы қайта құру үрдісінің тығырыққа тіреле бастауы, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар және т.б. түрлі себептер социалистік жүйенің ұзаққа бара алмайтындығын аңғартты. Батыс елдерінің кейбір саясаттанушылары мен білгірлері де КСРО-ның көп ұзамай күйрейтіндігі туралы болжамдар айта бастады. Олардың бұл сәуегейліктері көп күттірмей расқа айналды.

      КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасы технологиялық жағынан

Скачать книгу


<p>33</p>

Өтегенов Ш., Тұлғаев Қ., Сайлан Б. Боздақтар мәңгі жадымызда. – Алматы: Өлке, 2006. – 269-б.

<p>34</p>

Сaйлaн Б.С. Aуғaн соғысының aқиқaты (1979-1989 ж.). – Aлмaты: Қaзaқпaрaт, 2001. – 215-б.