Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 8

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

жеткізбек болған. Бірақ арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастарға ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, кеңестік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» С. Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небары 16 жастағы қыз мұндай жаланы көтере алмады. Сәбира тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді.

      Желтоқсан көтерілісі басылысымен-ақ жастарды тек түрмеге ғана жабумен емес, ұжым арасында масқаралап, жастардың ең жоғарғы органы саналған комсомол катарынан шығару ісі лезде басталды. Осы орайда, 1987 ж. 14 қаңтарда Қазақстан компартиясы ОК-не Алматы қаласындағы 17-18 желтоқсан күндері барысында ұсталғандар арасында комсомол мүшелері 759 адам болса, комсомол қатарынан қуылғандары 595 адамды құрады. Жігіттер мен қыздар арасынан 716 сөгіс алды. Бұл жағдай әрбір жергілікті комсомол комитеттері бюроларының мәжілістерінде жүзеге асты. Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері оқудан қуылды. Алматыдағы бір ғана Абай атындағы ҚазҰПУ-дан айналдырған 5-10 күннің ішінде 22 студент оқудан шығарылды9.

      Желтоқсан көтерілісіне студенттер мен бірге жұмысшы жастардың да қалың қолы қатысты. Жұмысшы жастардың басым бөлігі «Алматы тұрғын үй құрылысы» тресінің «Құрылыс-монтаж» басқармасында», «Алматы ауыр машина жасау» зауытында, «Алматы мақта-мата» комбинатында, «Поршень» зауытында, «Тұрмыстық химия» зауытында, Гагарин атындағы тігін фабрикасында істейтіндер еді. Осы зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін жігіттер мен қыздар да аз қорлық көрген жоқ. Кейбірі абақтыға жабылып, 5-6 жылға бас бостандығынан айырылып жатса, кейбірі қудалауға ұшырап, желтоқсан қозғалысы кезінде соққыға жығылды10.

      1986 ж. Желтоқсан көтерілісі тек Алматыда ғана емес, аймақтарда да арпалыс туғызды. Бұл кезде митингілер мен шерулер Жезқазғанда, Қарағандыда, Талдықорғанда, Арқалықта, Көкшетауда, Өскеменде, Сарыөзекте, Семейде, Талғарда, Шымкентте және т.б. қалаларда өтті. Мысалы, Жезқазғанда 19 желтоқсанда педагогикалық және политехникалық институттардың 500ге тарта студенттері Ленин көшесінің бойына шықты. Олардың қолдарында орталықтың әділетсіз ұлт саясатына наразылық білдірген ұрандар болды. Бейбіт шеруге шыққандарға шабуыл жасалынып, күшпен қуылды. Халық көп жиналатын дүкендер мен кинотеатрлардың қабырғаларына бір түнде майлы бояумен наразылық ұрандарын жазып шыққан жас кенші Мұратбек Шекербаев екі жарым жылға сотталып, түрме азабын тартты11.

      КОКП ОК-нің Қазақстан басшыларын өзгерту жөніндегі алғашқы қадамы Қарағандыдан басталды. ЖОО арасында байланыс орнап, сол күнгі кешкі сағат 20.00-де Гагарин атындағы алаңға студент қазақ жастары жиналды. Жиналғандар нақты сұрақ қойып, басшылар оған жауап таба алмай, дал болған соң Ішкі істер органы қызметкерлерінің көмегіне сүйену арқылы шешті. Қарағандыда 19-20 желтоқсан күнгі оқиғаға қатысушылардың бәрі де тиісінше жазаланды. Милицияның

Скачать книгу


<p>9</p>

Желтоксан-86: сборник документов. – Алматы, 2006. – Книга 8. – С. 95.

<p>10</p>

Қойгелдиев М. Тоталитаризмді тұңғыш рет тітіреткен // Егемен Қазақстан. – 2001. – 17 желтоқсан.

<p>11</p>

Қожамсейітов С. Жезқазған жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруі – жаңа қоғам толғағының көрінісі // Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. – 2007. – № 1. – 17-б.