Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 9

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

атқарды14.

Шымкент қаласында технология институтының IV курс студенті Байназаров аудиторияларды аралап, Алматы қаласы студенттерінің толқуын қолдауға шақырған. Бірақ ол тез ұсталған. Сөйтіп, аймақтарда да өз ұлтының тәуелсіздігі үшін арпалысқан жастар қатары көбейген. Амал нешік қаһарлы қызыл империяның коммунистік саясаты олардың жастығына қарамай жаппай жазалаумен болды15.

Сөйтіп, кеңестік жүйенің құрсауын қақыратуға тырысқан қазақ жастарының бұл көтерілісі аяусыз басып жанышталды. Шеруге күшпен тойтарыс беруге бұйрық алған құқық қорғау қызметкерлері өте қатаң әрекет жасады. Ұсталғандарды ұрып-соғу, жартылай жалаңаш жандарды ақ қар, көк мұзда ұстау, прокурордың санкциясынсыз қамауға алу және тағысынтағы заңсыздықтар орын алды. Жастарды алаңнан қуып шығу үшін дубинкалар, сапер күрекшелері, қызмет иттері, өрт сөндіргіш машиналар және басқа да техникалар қолданылды.

Желтоқсан көтерілісі ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан Қ. Рысқұлбеков, Т Тәшенов, Ж. Тайжұманов, Қ. Күзембаев және басқа да қазақтың жас демократтарын танымал етті. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековтің, Мырзағұл Әбдіқұловтың, түрлі мерзімге кесілген басқа да азаматтардың биік парасаты, ел мен жерге шынайы берілген тұлғалы жандар екені қазақ еліне мәшһүр болды16.

Желтоқсан көтерілісінің белсенділері – Ж. Тайжұманов, Т. Тәшенов, Қ. Рысқұлбеков, Қ. Күзембаев сот залында (Алматы, 16 маусым 1987 ж.)

Желтоқсан көтерілісі қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның шығу, өрбу себебі жүйенің шала дүмбілездігінде, оның империялық, тоталитарлық, казармалық табиғатында жатты17.

Желтоқсан көтерілісі бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды18.

Қорыта айтқанда, жастар, ең алдымен, халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі үшін күресті. Желтоқсан көтерілісінде қала көшесін кернеп, алаңды толтырған жастар халқының намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі үшін күрестің бастамасы болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қайта құру жылдарындағы ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтардың саяси астары.

2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын талдап көрсетіңіз.

3. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын анықтап, олардың қазақи патриотизмге қосқан үлесінің мәнін ашыңыз.

§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)

1978 ж. Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас

Скачать книгу

14

Желтоксан-86: сборник документов. – Алматы, 2006. – Книга 8. – С. 84.

15

Сайлан Б.С. Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 ж.). – Алматы, 2011. – 374-б.

16

Әбжанов Х. Тәуелсіздік қарлығашы. һйр:/М^^.ііе.к2/?ра§е_і4=345&1ап§=т

17

Спанова Р. Біз білетін желтоқсан. – Алматы: Жалын, 2000. – 29-30 б.

18

Оңғарбаев С. Кеңестік заңның қуғынын көрген // Егемен Қазақстан. – 1999. – 16 желтоқсан.