Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 11
4-кезең: 1987 жылғы қаңтар – 1989 жылғы ақпан аралығы. Ауғанстан басшыларының ұлттық татуласу саясатына көмектесу және кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық жұмыстары іске асты25.
Кеңес әскерінің Aуғaнстaнғa енуі
Кеңестік кезеңде Батыр атағы берілмегенімен, Ауған соғысындағы ерлік істерімен есімі ерекше аталатын батырдың бірі – Бақытжан Ертаев.
Бaқытжaн Ертaев
Ол 1952 ж. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ертай ауылында (бұрынғы Кеңес) ауылында туған. Ол – Ауған соғысы басталысымен алғашқы аттанғандардың бірі.
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтын 1973 ж. бітірген. 1980-1981 жылдары Ауған соғысына қатысып, білікті командир ретінде танымал болды. Қиын да қилы шайқастарға жұмсалып, ажалмен арпалысты. ҚР Қарулы күштерінің құрылуы мен дамуына мол үлес қосты. Мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары (1992), 1-армиялық корпустың командирі (1996-1997), ҚР ҚК Бас штаб басқармасының бастығы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары (1997), Шығыс аймақтық әскери округінің қолбасшысы (2000-2002), ҚР ҚК әскери академиясының бастығы (2002), ҚР ҚМ әскери инспекциясының генерал-инспекторы (2007), ҚР ҚМ штабтар комитеті төрағасының орынбасары (2008), ҚР ҚМ Бас инспекциясының бастығы (2010), ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер комитетінің мүшесі (2012), Генерал-лейтенант Б. Ертаев ҚР ардагерлер қауымдастығының төрағасы, Халық Қаһарманы.
Ауған соғысында Б. Ертаев өзін тек әскери адам ретінде ғана емес, ұшқыр саясаткер, білгір дипломат ретінде көрсете білді. Кеңес әскерлері алғаш рет Асадабадқа кіргенде мешітті қиратып кеткен-ді. Сол мешітті қайтадан жөндеп берген де осы – Б. Ертаев. Ауғанстанда Б. Ертаевты үлкен де, кіші де айрықша құрметтейді. Осындай мақтауға тұратын қазақ қолбасшысын қазақ жауынгерлері де шын мақтаныш етіп, өздеріне әрі қорған, әрі пана тұтты. Б. Ертаев үшін Ауған соғысында сан түрлі шайқастарға қатысуға, қарамағындағы әскерлерді сын сағаттарда құтқаруға тура келді. Батылдық танытқан қазақ командирін Ауған соғысында ең қиын нүктелерге жұмсады26. Ауған соғысының қиын да қилы шайқастарына жұмсалып, соғыстың ащы азабы арасында өжеттілік танытқан аға лейтенант, батальон командирі Б. Ертаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеді. Тек тәуелсіздік тұсында ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 ж. 15 желтоқсандағы жарлығымен генерал-лейтенант Б. Ертаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Есіл ердің еңбегі ескерусіз қалмады27.
Майданов Қайыргелді Сайынұлы (07.02. 1956-29.01.2000 ж.)
Ауған соғысында әскери тактиканың хас шебері атанып, ерлік танытқан қазақстандықтар аз болған жоқ. Осы ерлердің арасында Ауған соғысында алтын жұлдыз таққан жалғыз алаш перзенті, Кеңес Одағының Батыры Майданов Қайыргелді
25
Сайлан Б.С. Ауғанстан ақиқаты // Қазақ тарихы. – 1997. – № 5. – 50-б.
26
Смағұл Б., Мырзахан А. Намыстың құлы, Алаштың ұлы. – Алматы, 2008. – 23-б.
27
Самрат Ж. Қажырлы қызметтері құрметтелді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 16 желтоқсан.