Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 14

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды.

      Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауылшаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғайда алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.

      Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.

      Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

      Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дережеде-тін. 1987 ж. республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді36.

      Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 1970 жылдардан бастап 80-жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.

      Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 ж. ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса

Скачать книгу


<p>36</p>

Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы: Норма-К, 2008. – 433-б.