Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 17
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. 1992 жыл
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә. Назарбаев президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-ы үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О. Әубәкіров ұшты48.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
Бақылау сұрақтары:
1. КСРО-ның күйреу себептерін неден көреміз?
2. ТМД-ның құрамы мен құрылу себебін түсіндіріңіз.
ІІ бөлім
ҚАЗАҚСТАН – ҚААЫПТАСҚАН ТӘУЕАСІЗ МЕМАЕКЕТ
І тарау
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
§ 1. Мемлекеттік тәуел сіздіктің жариялануы мен рәміздердің қабылдануы
КСРО сияқты алып империяның күйреуі оның қол астында болып келген басқа республикалар сияқты Қазақстанның да тәуелсіздік алуына жол ашты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауды жылдамдатқан факторлар – Ресейдегі тамыз бүлігі, Беловежье келісімі, КСРО-ның түпкілікті күйреуі болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен
47
Мұхамедов М. Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін. – Астана: Сарыарқа, 2009. – 27-б.
48
Қазақстан тарихы: оқу құралы / ред. басқ. т.ғ.д., профессор Б.С. Сайлан. – Алматы, 2012. – 383-б.