Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 20
Әлемде президенттік басқаруды таңдаған көптеген дамыған елдер бар. Ол елдер де қарыштап дамып барады. Осы уақыт ішінде республикалық басқару формасына көшкен мемлекеттердің басым көпшілігінде президент лауазымы енгізілуі оның өміршеңдігін және институттық-саяси жетілгендігін көрсетеді.
Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарэт Тэтчерден: «Елді басқарудың қай жүйесі тиімді?» – деп сұрағанда ол: «Тәтті нанды дайындау үшін президенттік басқару формасы, ал сол тәтті нанды бөлу үшін парламенттік басқару формасы тиімді болады», – деп жауап қайырыпты. Яғни жаңа мемлекет құруда президенттік жүйе, ал оны басқаруда парламенттік жүйе тиімдірек болады дегені.
Біздің ойымызша, бұл жердегі мәселе елді басқаратын адамға көп байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі ерекше. Біріншіден, Қазақстан басшысы – мемлекеттің негізін құраушы тұлға. Ол өз елін Кеңес Одағының күйреуі, Азиялық дағдарыс және соңғы жылдардағы жаһандық құлдыраудан аман алып шыққан көшбасшы. Мысалы, 2007-2008 жылдардағы жаһандық дағдарыстан Қазақстан бірінші болып шықты. Екіншіден, Қазақстанның барлық көршілері азамат соғысы мен тұрлаусыз төңкерістерді бастан кешсе де Н.Ә. Назарбаев қанды қақтығыстарға жол берген жоқ. Керісінше, полиэтникалық және көпконфессиялы Қазақстан бейбітшілікті сақтап, халқының өмір сүру деңгейін көтерді.
Қазақстанда президенттік институт КСРО-ның құлауынан біраз бұрын қалыптаса бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-ының президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР-ының конституциясына тиісті өзгерістер енгізу» туралы заң қабылдады. Заң мемлекеттік биліктің Жоғарғы органдарының жүйесінде президенттің мәртебесін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін белгіледі51.
Бұл кезде кеңестердің жаппай билігі сақталған еді. Жоғарғы кеңес мемлекеттік өмірдің барлық мәселелерін шешуге ресімді құқығы бар Жоғарғы мемлекеттік орган болып қалды. Қазақ КСР тұңғыш президентін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жасырын дауыс беру жолымен сайлады. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент, көбінесе, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне тәуелді болды. Оның үстіне Қазақ КСР-дың президенті егемен, ' тәуелсіз мемлекеттің басшысы болмады, өйткені Қазақ КСР-ы президентінің іс-қимылдары мен өкілеттіктері КСРО Жоғарғы кеңесі мен КСРО президентінің құзыретімен шектелді.
Қазақ КСР президентінің мұндай жай-күйі КСРО таратылып, Қазақ КСР-дың Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданғанға дейін созылды. Алғашқы кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің толық билігі, өзінше бір парламенттік республика туралы айтуға болатын еді.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2 %-ы келіп, 98,7 % дауыспен тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан жалпыға бірдей сайлау барысында тұңғыш президентті сайлап, жоғары билікті
51
Қазіргі Қазақстан тарихы: хрестоматия / ред. Б.Ғ. Аяған. – Алматы, 2010. – 41-б.