Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 22
Президент институтының қазақстандықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011 жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау өткізу барысында нақты қуатталды.
Республика президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
2011 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың берік сеніміне және қолдауына ие болған тарихи тұлға екендігін тағы да дәлелдеп берді. Бүгінгі Қазақстан – өзінің ел таныған ұлттық лидері бар, демократиялық қоғамды орнықтыруды басты мақсатына айналдырған, дүниежүзілік қауымдастық мойындаған тәуелсіз ел. Бұрын біз басқалардан үйренген болсақ, енді басқа елдер біздің тәжірибемізді басшылыққа алатын айшықты заман орнығып келеді57. Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналдық.
ҚР президенті «Қазақстан-2050» стратегиясында атап айтқандай: «Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық»58.
Мемлекетті басқарудағы жүйе түзуші рөлді президенттік институт атқарады. Республика президенті конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы болып табылады. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.
Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасу және даму тарихы. Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды. Қазіргі Қазақстан парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-дың 1937 жылғы конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-дың 1978 жылғы конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы кеңестің орнына келді.
Жоғарғы кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғарғы шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депутаттыққа
57
Омарбеков Т Өрлеу жолында // Ана тілі. – 22 желтоқсан. – 2011.
58
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 14.12.2012 // Айқын. – 15 желтоқсан. – 2012.