Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 25

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Мәжілістің 9 депутатын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы ассамблеясы сайлады.

      Көп партиялы сайлауда дауыс беру кезінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар парламент мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Төртінші Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы болып алғаш А.Е. Мусин сайланды. Ол өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты. 2008 жылы қазанда оның орнына төраға болып О.Б. Мұхамеджанов сайланды.

      Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламентіне 2012 ж. 15 қаңтарда кезектен тыс сайлау өтті. Бұл күні 6 миллион 980 мың қазақстандық (тұрғындардың 75,1 %-ы) өз таңдауын жасады. 2011 жылдың соңында бірнеше депутат ел президентіне мәжіліс пен мәслихаттарды тарату туралы Жарлық қабылдауын сұрап өтініш жасаған болатын. Депутаттар бұған негізгі екі себепті атады, біріншіден, 2012 жылы әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны келуі мүмкін, сондықтан одан өткен кезде сайлаулар өткізуге алаңдамаған жөн, ал екіншіден, жаңа заңға сәйкес келесі парламенттің құрамында кемінде екі саяси партия болуы керек. 2011 жылы 16 қарашада Н.Ә. Назарбаев депутаттардың өтінішін қанағаттандырып, тиісті жарлыққа қол қойды. Сайлауға 7 партия – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, «Әділет», «Қазақстан патриоттары партиясы», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП), «Ақ жол», Қазақстанның коммунистік халық партиясы және Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қатысты. Кезектен тыс парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы сайлаушылардың 80,99 % дауысына ие болып сенімді жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Нұр Отан» мәжілістегі 83 депутаттық мандатқа ие болды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,47 %, ал Қазақстанның коммунистік халық партиясы 7,19 % дауыс алып, жеті пайыздық көрсеткішті еңсеріп, парламенттен орын алды. Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысы бойынша бекіткен квотаға сәйкес, «Ақ жол» парламентте сегіз орын, ал Қазақстанның коммунистік халық партиясы жеті орын алды. Өткен сайлау елдегі көппартиялықтың, демократияның дамуындағы маңызды қадам болды. Қазақстан демократияны дамытуда елеулі қадам жасады. 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша парламент мәжілісінің құрамы көппартиялы болып түзілді. Қазақстан халқы ассамблеясынан парламентке 9 адам депутаттыққа сайланды. Парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне Н. Нығматуллин ұсынылып, оны барлық депутат қауым бір ауыздан қолдады.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Қазақстанда президенттік институтты енгізудің қажеттілігі неден туындады?

      2. Президенттік институттың қалыптасу кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

      3. Қазақстан Республикасының конституциясында президентгің құзыреті мен мәртебесі қалай айқындалған?

      4. Қазақстан Республикасында парламенттік жүйенің

Скачать книгу