Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 28
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының тұнғыш президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңыш президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар ашық айтты. Екі депутаттан басқасы мұны бірауыздан қолдады. Соған сәйкес Н.Ә. Назарбаев тұңғыш президент әрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып, конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды.
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктерден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы парламентінің төменгі палатасы – мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президенттікпарламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Кдзақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Әрине, нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың