Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 30
2. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны айқындау мәселесі қалай шешілді?
3. Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны айқындау келісімдерінің нәтижесі қандай?
4. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы шекараны белгілеудің ерекшеліктері қандай?
5. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қандай шаралар жүргізді?
ІІ тарау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ КАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
§ 1. Нарықтық қайта құрудың бастапқы кезеңі
Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары және оны жеңіп шығу шаралары
Күрделі экономикалық дағдарыс тереңдеген жағдайда Республика тәуелсіз мемлекет ретінде тіршілік етуге бет бұрды. Нарық алдында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, еліміз қиыншылыққа ұшырады. 1980 жылдардың ортасынан орын ала бастаған жағымсыз үдерістердің қарқыны үдей түсіп, еліміздің әкімшіл-әміршіл жүйесінен, меншікті мемлекеттендіру шығындылығынан туындаған ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарыс апаттық деңгейге таяды. Осының бәрі ілгері жылжуға емес тоқырауға бағытталып, әлемдік-техникалық прогрестен кейін қалуға себеп болды.
Бұл жағдай біртұтас мемлекетті күйреудің ақырғы сатысына жеткізді. Мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік жабдықтандыру, сауда министрлігі сияқты, т.б. мекемелердің жойылуы, экономиканы меңгеру аясындағы әкімшіл-әміршілдік қысым көрсету, орталыктандырылған жоспарлау әрекетінің тоқталуына, бұрынғы КСРОның бірыңғай халық-шаруашылық кешеніндегі кәсіпорындар, салалар, аймақтар арасындағы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тығыз шаруашылықтық байланыстардың үзілуіне алып келді. Кезінде біртұтас болған мемлекеттің экономикасы қиын жағдайға ұшырады. Одақтық экономиканың жалпы төмеңдеуі 50 %-дан асты, ал АҚШ-тағы ұлы дағдарыс жылдарымен салыстырсақ, оларда экономика 29 %-ға шығынға ұшыраған еді.
Қазақстанның басынан өткен дағдарысқа оның кеңестік экономика құрылымындағы алған орны түбегейлі ықпал етті. Қазақстан өз бетінше жеке сыртқы экономикалық байланыстарға ие болмағандықтан, өнеркәсібі дамыған аймақтардың шикізат көзі болды. Қазақстандық өнеркәсіп орындарының көбі одақтық бағынышта болды, әсіресе кен-металлургия саласы ел экономикасында аса маңызды орын алды.
Сондықтан қазақстандық экономика үшін сыйымды нарықты жоғалтып алу тек өнім өткізу нарығынан айырылу ғана емес, сонымен қатар бүкіл өндірістің автоматты түрде жаппай күйреуіне әкелді. Бүрынғы КСРО-ның біртұтас экономикалық кеңістігіне біріктірілген республика экономикасы өз мағынасын жоғалтып, Қазақстанның алып әлеуеті бір мезгілде қажет болмай қалды. Басқа республикадағы түтынушылар қазақстандық өнімді сатып алудан бас тартты немесе ол үшін ақы төлей алмады. Шаруашылық байланыстардың үзілуі нәтижесінде келісімшарттық тәртіптің