Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 19
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні – осы конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен мемлекеттік елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясында сақталады».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының конституциясында, осы конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Ал 2007 жылы елбасы жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.
1992 жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздері елтаңба, әнұран және туды жасауға конкурс жарияланды. Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тек әнұранның ғана 750 жобасы келіп түсті. Ұзақ талқылаудан кейін бұрынғы әнұранның әуенін қалдыру туралы шешім қабылданды. Төрт ақын: М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев және Ж. Дәрібаева құрастырған әнұран мәтіні 14 жыл бойы қолданылды.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысын мақұлдаған қаулы қабылдады.
1995 жылы Республика президенті Н.Ә. Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл тарихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы