Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 15
1990 жылдың желтоқсанындағы КСРО-ның халық депутаттарының IV съезі КСРО-ны сақтап қалу мен оны демократиялық федеративтік мемлекетке айналдыруды ұсынды. Онда «Одақтық келісімнің ортақ тұжырымдамасы және оған келісу тәртібі туралы» қаулы қабылданды. Құжатта жаңартылған Одақтың негізі республикалық декларацияларда қаралған азаматтар мен халықтардың теңдігі, өзін-өзі анықтау құқығы мен демократиялық даму, аумақтық тұтастық сияқты қағидалар болатындығы атап өтілді. М. Горбачев пен оның жақтастары Кеңес Одағын сақтап қалғысы келді40.
1991 ж. 23 сәуірде Нова-Огаревада, яғни КСРО президентінің мәскеулік резиденциясында М. Горбачевтің 9 одақтас республикамен жаңа одақтастық келісім туралы келіссөздер өтті. Билік пен басқару органдары құрылымында өзгерістерді жүргізу, жаңа конституцияны қабылдау және сайлау жүйесін өзгерту қарастырылды. Келісімге қол қою күні 20 тамызға белгіленді. Бұл жобаны Армения, Грузия, Молдавия және Балтық республикаларынан басқасы қолдады. Бұл келіссөздер консерваторларды шешуші әрекеттерге көшуге итермеледі, себебі жаңадан қойылатын келісім іс жүзінде КОКП-ның жоғарғы билеуші тобын басты биліктен, қызметтері мен артықшылықтарынан айырар еді. Сонымен қатар 1991 жылдың тамызына дейін РКФСР-дың басшылығына радикалдық өзгерістерді талап еткен жаңа тұлғаның келуі де өз әсерін тигізді. 1991 ж. 12 маусымында РКФСРдың халық депутаттарының І съезінде Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Ол заңды түрде республикалық заңдардың одақтас республикаларға
39
Мұхамедов М. Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін. – Астана: Сарыарқа, 2009. – 27-б.
40
Шағатай Ж. Горбачев: Одақты сақтап қалмаймын деп ойлаған жоқпын // Түркістан. – 2006. – 2 наурыз.