Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 10
Устинов Дмитрий Федорович (30.10.1908-20.12.1984 ж.)
Устинов Дмитрий Федорович – КСРО-ның эскери қайраткері, Кеңес Одағының Маршалы (1976), Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1942, 1961), Сталиндік сыйлықтың иегері (1953). 1952 жылдан КОКП ОК-нің, 1976 жылдан Саясибюро мүшесі. 1976-1984 жылдары КСРО Қорғаныс министрі.
Ауғанстанға Түркістан әскери округін кіргізу жұмысын басқарды. Оған қарсылық танытқан әскери мамандар КСРО ҚМ Бас штаб бастығы Н.В. Огарков пен оның бірінші орынбасары С.Ф. Ахромеевтің сөзіне құлақ аспаған. 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін кіргізу құжатына КСРО атынан қол қойған Қорғаныс министрі.
Суслов Михаил Андреевич (21.11.1902-25.01.1982 ж.)
Суслов Михаил Андреевич КСРО ОК аппаратына 1946 ж. келген. И. Сталин серіктестерінің бірі.
1947 жылдан КОКП ОК-нің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1949-1950 ж. «Правда» газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарған. 1952 ж.
КОКП ОК-нің, 1966 ж. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі. КОКП-ның саяси және идеологиялық жұмысына басшылық жасап, Н. Хрущев пен Л. Брежнев билігі кезінде ең ықпалды қайраткерге айналған. КСРО-ның «көкжалы» балама атын иеленген. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізуге шешім қабылдаған шағын топтағы бестіктің бірі.
Громыко Андрей Андреевич (18.07.1909 – 02.07.1989 ж.)
1939 жылдан КСРО-ның дипломатиялық жұмысында Громыко Андрей Андреевич (18.07.190902.07.1989) болды. 1957-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрі. 1983 жылдан КСРО Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 19851988 жылдары КСРО Жоғары кеңесі президиумының төрағасы. КСРО-ның сыртқы саясатын басқаруда майталман атанған қайраткер. 1970-1980 жылдары Батыс саясатшылары А. Громыконы КСРО-ның № 1 дипломаты санатына жатқызды. Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізумен айналысқан және шешім қабылдаған шағын топтың мүшесі.
24 желтоқсан күні КСРО қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В. Огарков қол қойған бірінші жазбаша құжат пайда болды. Бұл құжатта: «Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. АДР-ғаинтернационалдық көмек көрсету мақсатында Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін кіргізу шешімі қабылданды», – деп қысқаша түсініктеме берілді21.
25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізу басталды. Осылайша, белгіленген уақытта 40-ыншы армия сапындағы кеңес әскері Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны әуеде де, жерде де кесіп өтті22.
1979 жылдың күз айында елдегі екінші адам саналатын Х. Амин коммунистік көзқарастағы Ауғанстан басшысы Н. Таракидің көзін жойып, билікті өз қолына алған еді. Ал Мәскеу Х. Аминді қызметінен шеттетіп, оның орнына бұл уақытта Чехословакиядан
21
Ляховский А. Трагедия и доблесть Афгана. – М.: Искона, 1995. – 134 с.
22
Сайлан Б.С. Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 қаңтар.