Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов страница 5

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасалды. Мәселен, 1990 ж. Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Партияның алдына қойған басты мақсаты республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және рухани дамуына өздерінің лайықты үлесін қоспақшы болды. Сондай-ақ партия қоғамдағы жекеменшікті мойындайды және өзінің қызметінде кәсіпқойлықты қолдап отыруды көздеді.

      1990 ж. Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті, адамгершілік идеалын қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көп партиялық жүйенің және тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы екенін көрсетті. 1991 ж. қазанда Қазақстан халық конгресі партиясы құрылды. Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды.

      Қайта құру жағдайында Қазақстанның комсомол ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. Қазақстанда жастар істері жөніндегі мемлекеттік басқару органы туралы мәселе талқыланды. 1990 ж. 17 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақ КСР Жастар істері, дене мәдениеті және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Әр түрлі деңгейдегі партия комитеттерінің жанынан аппарат құрамында Жастар істері жөнінде комиссиялар құрылды. Комиссия мүшелері «Қазақ КСР-дың мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның жобасын қарады. 1991 ж. сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің IV сессиясында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» мәселе талқыланды. 1991 ж. маусымда «Қазақ КСР-ындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. 28 маусым күні бұл заңға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев қол қойды. «Қазақ КСР-дың мемлекеттік жастар саясаты туралы» бұл заң 1991 ж. КСРО құлағанға дейін қабылданған болатын. Сондықтан бұл заңның жүзеге асуында кедергілердің болуы кездейсоқтық емес еді. Тәуелсіздік алған мемлекетіміз жастар мәселесін жаңаша қарауға мүмкіндік алды, жастардың әр түрлі саяси партиялары мемлекет әкімшілігіне жастар мәселесі туралы бағдарламалар ұсынды, мемлекет тарапынан жас отбасыларына жеңілдіктер көрсетілді.

      Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері, салалық кәсіподақ кеңестері болып қайта құрылды. Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар «Солдат аналарының комитеті», «Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы», «Көп балалы аналар», «Жанұялар одағы», «Айша», «Ақ отау» және «Іскер әйелдер қауымдастығы» құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер

Скачать книгу