Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 25

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

өйткені бұл жерде тіршілік жағдайы өсімдіктердің болмауына байланысты және грунттың қозғалғыштығына қарай өте қолайсыз. Бұл биотоп үшін псаммофилді формалар тән. Олардың қатарына олигохеттерден Propappus volki, Bezzia және Culicoides масаларының дернәсілдері, немтодтардың кейбір өкілдері тән. Толқын әлсіз жерлерде жоға-рыда көрсетілгендердің қатарына Stictochironomus масасының, Onychogomphus инеліктерінің, Molanna және Anabolina жылғалықтардың дернәсілдері, сол сияқты Anodonta қосжақтаулы моллюскалар қосылады. Толқын жоқ не мүлдем болмайтын жерлерде грунт тұрақталады, лай басу жүреді және зообентос біршама көп бола бастайды. Зообентоста лимнофилдер – Tubifex және Peloscolex олигохеттері, Chironomus, Glyptotendipes масаларының, Ehpemera біркүндіктердің дернәсілдері, Pisidium моллюскалары басым болады.

      Нектон тек балықтардан тұрады. Көлдердің ихтиофаунасы, негізінен, тұрақты, көлдік-өзендік балықтардан құралған. Солтүстік және биік тау көлдері албырт балықтарына, оңтүстік аудандарда, әдетте, тұқытектестер мол болады. Түрлік құрамы бойынша, акклиматизанттарды есептемегенде, олиготрофты көлдердің балықтары сан алуан. Көлдердің жағалау маңы ихтиофаунасы суқоймаларының ашық айдындарына қарағанда бай болып келеді. Өйткені соңғысында қоректену жағдайы нашар, сонымен қатар жыртқыштардан жасырынатын жерлер жоқ.

      Өзендер деп белгілі бір дәрежеде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық жауын-шашындар мен жерасты суымен толатын ағын суды айтады. Өзендер құрлықпен Әлемдік мұхиттың арасындағы су алмасу процесіне қатысушы буын болып табылады. Мұхиттан буланған су құрлыққа жауған жауын-шашын түрінде өзен арқылы қайтады. Өзендерде су массасы өзеннің бастауынан сағаға дейін ағып келеді, оған себеп олардың теңіз деңгейінен әртүрлі биіктікте орналасу айырмашылығы, яғни тарту күшінің әсері арқылы жүзеге асады.

      Мұхиттарға, теңіздерге, көлдерге сулары құйылатын өзендерді – негізгі өзендер, ал суын бұларға құятын өзендерді өзен тармағы не салалары деп атайды. Негізгі өзенге суларын құятын барлық өзендер жиынтығы өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі орналасқан құрлықтың бір бөлігі және басқа учаскелерден суайрықтар арқылы бөлінген учаскелер өзен суалабын (бассейнін) түзейді, ал ол су жинайтын жерлер сужинау ауданын құрайды.

      Өзен деп бассейнінің ауданы 50 км2-ден 50 мың км2-ге жететін тұрақты әрі ірі су ағынын айтады. Ал мөлшері бұдан аз болатындар өзектер деп аталады. Су ағынының жағдайына қарай өзендер жазықтық, таубеткейлік және таулық деп бөлінеді.

      Өзендердегі су режимінің негізгі сипаттамалары судың деңгейі мен оның шығыны болып табылады. Олардың өзгеруіне өзендердің сумен қоректенуі және сол жердің климат жағдайлары әсерін тигізеді. Жазықтарда көктемгі қар еру және жауын-шашын, таулы жерлердегі көктем мен жаздағы қар еру жылма-жыл белгілі бір кезде қайталанатын құбылыс су тасу деп аталады. Ол өзендердегі су деңгейін көтереді, су жағадан шығып жайылады. Күшті нөсер жаңбыр немесе қыстың жылымық күндерінде қардың еруі әдетте өзендерде тасқын тудырады, бұл дегеніміз – қарқынды, салыстырмалы түрде қысқа уақытта су деңгейінің

Скачать книгу