Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 29

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

оларды қоректендіретін атмосфералық жауын-шашында тұздар жоқтың қасы. Су қабатына грунттан биогендердің түсуіне астындағы торф қабаты жол бермейді.

      Сайлық батпақтарда оксилофит өсімдіктерден жасыл мүктер, өлеңшөптер, қырықбуындар, айырауықтар, қамыстар өседі. Қырлық батпақтарға сфагнум мүктері, ұлпабастар, мүкжидектер тән. Көктемде балдырлардан талшықтылар кездеседі, олар жазда фитопланктон құрамынан шығып қалады. Қырлық батпақтарда зоопланктон өкілдерінен коловраткалар (Poyarthra, Platuptera, Keratella және Monostula virga), бұтақмұрттылар (Сeriodaphnia, Chydorus және Polyphemus), ескекаяқтылар (Acanthocyclopus) өкілдері кездеседі. Сайлық батпақтарда Culex және Anopheles масалардың дернәсілдері басым болады.

      Батпақты суқоймаларында зообентос кедей, ол ең алдымен сутүбі қабатындағы газ режимінің қолайсыздығына (оттек концентрациясы төмен, метанның бөлінуі және басқа улы газдардың бөлінуі) байланысты. Су қышқылдығының жоғары болуына қарай бұл жерлерде известі қаңқасы бар жануарлар кездеспейді.

      Жерасты сулары және оны мекендеушілер. Бос су тау жыныстарындағы ірі капиллярлар және басқа да қуыстарды толтырады және осылайша әртүрлі тереңдікте сусақтағыш горизонттар қалыптасады. Жерасты суларының ішінде гидробионттардың биотопы үшін маңыздылары үңгірлік және аралық (интерстициалдық) сулар болып табылады. Жерасты суларын мекендеушілер троглобионттар деп аталады.

      Үңгірлік сулар. Известняктардың, гипстің, доломиттердің және басқа да кейбір жыныстардың еруі нәтижесінде жер қабатында қуыстар,үңгірлер пайда болады. Олар жиі сумен толады. Кейде үңгірдің түбінде шалшық немесе тұтастай көл түзіледі. Басқа жағдайда тасқындар: жерасты өзектері мен өзендер пайда болады. Бұлардың қоректенуі басқа грунттық судың немесе атмосфералық жауын-шашын есебінен жүреді. Үңгірлік судың абиотикалық жағдайларының ерекше болуы оны мекендеушілеріне де әсерін тигізеді. Үңгірлік судың өзіне тән ерекшелігі – жарықтың түспеуі және салыстырмалы түрде температураның тұрақты болуы. Жерасты суларының тұздылық құрамы кальций ионының концентрациясының жоғары болуымен, яғни кермектілігімен сипатталады. Газ режимінде оттектің аз болуымен сипатталады, өйткені фитосинтездік аэрация болмайды, ал газдың атмосферадан түсуі өте әлсіз. Үңгірлік суды мекендеушілердің құрамы, ең алдымен, оның жарық түсу дәрежесіне тәуелді болады. Эвфотикалық аймақта кездейсоқ қоныстанушылар – троглоксендер басым болады. Негізгі қорек көзі – өсімдіктер және олардың қалдықтары. Олигофоттық аймақта троглофилдер басым, көк жасыл балдырлар мен бактериялар дамиды. Афотикалық аймақты мекендеушілер – нағыз троглобионттар, оларға стенотермділік және эврифагия тән. Бұлардың құрамында бактериялар, қарапайымдылар, шаянтәрізділер кейбір моллюскалар мен амфибиялар кіреді. Фауна тек алғашқы сулық жануарлардан тұрады. Олардың арасында эндемик түрлер басым болады. Түрлік құрамы жағынан ескекаяқты шаяндар (120-дан аса түр), бүйіржүзгіштер (100-ден аса түр)

Скачать книгу